Текст страницы
6.3. Ауа сүзгісін тексеру
Ауа сүзгісі қозғалтқыштың бұзылуына әкелу мүмкін ауадағы шаңдардың және
лас қоспалардың генератор қозғалтқышына түсуіне кедергі келтіреді. Ластанған
ауа сүзгісі тиісінше карбюраторға ауаны беруге кедергі келтіреді.
Ауа сүзгісінің сүзгі элементін тексеріңіз (ысқыш) техникалық қызмет көрсету
ережесіне сәйкес (8.1-тармақ) оның жұмыс істеп тұрғанына және жұмыс күйінде
екеніне (зақымдану жоқ және таза) көз жеткізіңіз.
Ауа сүзгісін тазалау үшін «Ауа сүзгісіне қызмет көрсету» ережесінің 9.3-тар
мағын қар.
Назар аударыңыз! Ауа сүзгісі болмаса, генератор қозғалтқышын іске қосуға
тыйым салынады. Бұл қозғалтқыштың мерзімінен бұрын тозуына әкеліп соғады.
6.4. Электр станциясын жерге тұйықтау
Назар аударыңыз! Электр станциясын жерге тұйықтамай пайдалануға қатаң
тыйым салынады.
Электр станциясын іске қоспас бұрын, электр тоғының соғуын болдырмау
үшін оны жерге тұйықтаңыз. Ол үшін қимасы кемінде 4 мм² болатын электр ка
белінің көмегімен сыртқы жерге тұйықтау көзі бар электр станциясының жақта
уында жерге тұйықтау клеммаларын қосыңыз (11-сурет).
Сыртқы жерге тұйықтау көзі ретінде электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкес ке
летін жерге тұйықтау контурына, не болмаса жерге тұйықтау контурына қосылған
жерге тұйықтау шинасын пайдалану қажет.
Жерге тұйықтаудың дайын контуры болмаған жағдайда, жерге 1.5 – 2 метр
тереңдікке соғылған арматуралық шыбықшаны пайдалануға болады.
11-сурет
77