Текст страницы
6.5. Газ шығаратын жүйе
Назар аударыңыз! Жұмыс кезінде бензин электр станциясы пайдаланылған
газдарды шығарады, олардың жиналуы адамдар мен жануарлар үшін қауіпті.
Адамдар немесе жануарлар бар жабық орын-жайларда электр станциясы
жұмыс істеген кезде пайдаланылған газдарды электр станциясынан сыртқа қа
рай бұрып шығару қажет. Ол үшін арнайы газ шығарғыш термотұрақты арналар
қолданылады.
Пайдаланылған газдарды электр станциясынан сыртқа қарай бұрып шығару
бойынша жұмыстарды желдету және газды бұрып шығару жүйелерінің маман
дандырылған монтаждау ұйымдары орындайды.
6.6. Аккумулятор батареясын дайындау (тек электр стартері бар
модельдер үшін)
Электр стартерімен жабдықталған электр станциясымен бірге жинақта акку
мулятор батареясы жеткізіледі.
Назар аударыңыз! Аккумулятор батареясымен жұмыс істегенде абай бо
лыңыз. Аккумулятор батареясының құрамында электролит бар. Егер электролит
теріге немесе көзге тисе, зақымдалған жерлерді дереу ағын сумен жуыңыз және
дәрігерге жүгініңіз.
Аккумулятор батареясын қосу үшін электр станциясынан келетін батарея
сымдарының клеммаларына қосылу керек. Қызыл ұшы бар сымды аккумулятор
дың оң клеммасына, қара ұшы бар сымды – минус клеммасына қосу керек.
Электр станциясы жұмыс істеп тұрған кезде аккумулятор батареясы генера
тор желісінен автоматты түрде қуат алады.
6.7. Қозғалтқышты сынау
Электр станциясының ұзақ мерзімді және сенімді жұмысы үшін Сізге қозғал
тқышты сынауды жүргізуді ұсынамыз. Алғаш іске қосу кезінде электр станциясын
артық жүктемеңіз, номиналдан 20-40% жүктемемен кемінде 4 сағат жұмыс жа
сауына мүмкіндік беріңіз. Алғышқыдан 20 мотосағаттық жұмыстан кейін мотор
майын ауыстырыңыз.
78