Инструкция электрогенератор бензиновый Elitech БГ 6500Р

Страница 82 (стр. 82 из 133)

Бренд: Elitech

Страница 82 документа Электрогенератор бензиновый Elitech БГ 6500Р. Раздел: Электрогенераторы. Бренд: Elitech.

Текст страницы

Назар аударыңыз!
Іске қосу тоқтары номиналды мәннен 2-5 есеге жоғары. Қоспас бұрын электр
станцияға түсетін жүктемені есепке алыңыз. Электр құрылғыларының жалпы
тұтынылатын қуаты электр станциясының номиналды қуатынан аспауы керек.

Назар аударыңыз!
Үшфазалық электр құрылғыларын бірфазалық электр станциясына қоспаңыз.
Номиналды қуаттан жоғары жүктемені салмаңыз.

Назар аударыңыз!
Жабдықта ақау болған кезде электр тоғының соғуын болдырмау үшін электр
станциясы жерге тұйықталу керек.

Резервтік электр энергиясын беру үшін электр станциясын электр желісіне
қосуды білікті электрик жүргізу керек және бұл электр жабдығымен жұмыс істеу
кезінде қауіпсіздік ережелеріне және шараларына сәйкес келу керек.

Электр станциясына қажетті тұтынушылар желісі қосылғанына көз жеткізіңіз.
Бұрын пайдаланылмаған желілерді ескертусіз қосу электр тоғының соғуына әке­
лу мүмкін.

Негізгі қуатты бермес бұрын электр станциясы тоқтатылу керек. Осы тар­
мақты орындамау электр станциясының істен шығуына немесе тұтынушылардың
электр желісінің жануына әкелу мүмкін.

8.1. Кернеу 230В (ауыспалы тоқ)

220 В кернеулі электр тұтынушыларын электр станциясына қосу үшін 230 В
ауыспалы тоқ розеткаларын пайдалану керек. Бір мезгілде барлық розеткаларға
қосылуға болады. Барлық розеткадағы жалпы тұтынылатын қуат электр станци­
ясының номиналды қуатынан аспауы керек. 230 В розеткалармен жұмыс істеу
үшін қажет:

1. Электр құрылғылары электр станциясының розеткаларына қосылмағанына
көз жеткізіңіз;

2. Тізбек үзгішін «Қосу» күйіне ауыстырыңыз;
3. Электр станциясының қозғалтқышын іске қосыңыз және вольтметр тілше­
сінің 230 В көрсететіндігіне көз жеткізіңіз;

4. Электр станциясына қосылатын электр жабдығының сөндірулі күйде екені­
не көз жеткізіңіз, содан кейін ғана ашаны электр станциясының розеткасына са­
лыңыз.

8.2. Кернеу 12В (тұрақты тоқ)

Тұрақты тоқтың клеммалары тек автомобильді 12-вольтті аккумулятор бата­
реяларын қуаттау үшін қолданылу мүмкін.

Бірмезгілде тұрақты (12В) және ауыспалы (230В) тоқтың тұтынушыларын қо­
суға тыйым салынады.

82

Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

Carver PPG-1200А

24 стр.
Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

Carver PPG-3900

24 стр.
Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

DDE G550

24 стр.
Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

DDE G550

24 стр.
Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

DDE G750E

24 стр.