Инструкция электрогенератор бензиновый Elitech БГ 6500Р

Страница 83 (стр. 83 из 133)

Бренд: Elitech

Страница 83 документа Электрогенератор бензиновый Elitech БГ 6500Р. Раздел: Электрогенераторы. Бренд: Elitech.

Текст страницы

Назар аударыңыз! Электр станциясының тұрақты тоқ шығысын шамадан
тыс жүктемеңіз, бұл электр станциясының бұзылуына әкелу мүмкін.

Аккумулятор батареяларын қуаттау кезінде келесі ережелерді сақтаңыз:
1. Аккумулятор батареяларының кернеуі 12 В аспауы керек.
2. Қуаттау кабельдерін алдымен электр станциясының тұрақты тоқ клемма­
ларына, содан кейін аккумулятор батареяларының клеммаларына қосыңыз.

3. Қуаттау кабельдерін машинада орнатылған аккумуляторға қоспас бұрын,
алдымен аккумулятордан штаттық минус сымын ажыратыңыз. Бұл ықтималды
қысқа тұйықталудан және ұшқындардан сақтайды.

4. Автомобильдің қозғалтқышын аккумулятор батареясына қосылған электр
станциясынан іске қосуға тырыспаңыз. Бұл электр станцияның бұзылуына әкелу
мүмкін.

5. Аккумулятор батареясына қосылған кезде қуаттау кабельдерінің поляр­
лығын шатастырып алмаңыз, бұл электр станциясының немесе аккумулятор ба­
тареясының қатты бұзылуына әкелу мүмкін. Электр станциясының қызыл клем­
масына аккумулятордың оң түйінін (+), ал қарасына – теріс түйінін (-) қосыңыз

Қуаттау уақыты аккумулятордың түріне, қуатсыздану дәрежесіне және кө­
нелігіне байланысты байланысты.

Қуаттау үшін сымдарды ажырату
1. Қозғалтқышты тоқтатыңыз
2. Аккумулятордың теріс түйінінен минус сымын ажыратыңыз.
3. Аккумулятордың оң түйінінен плюс сымын ажыратыңыз.
4. Электр станциясының тұрақты тоқ клеммасынан сымды ажыратыңыз.

8.3. Жүктеменің қуатын есептеу

Жүктеме қуаты электр станциясымен жұмыс істеудің негізгі параметрлерінің
бірі болып табылады. Жүктеме қуатын анықтау үшін барлық қосылатын электр
құрылғыларының жалпы қуатын анықтау қажет, бұл ретте электр станциясының
қуаты бір уақытта қосылған барлық электр құрылғылларының қуаттының жиын­
тығынан 20-25%-ға асу керек екенін ескеру қажет. Егер жүктеме қуаты номинал­
ды қуаттың 80%-нан аспаса, электр станциясы өнімдірек және ұзағырақ жұмыс
істейтін болады.

Жүктеме қуатын дұрыс есептемегенде, сіз электр станциясының шамадан тыс
жүктелуіне, отынның көп шығынына, шекті режимдерде жұмыс жасағандықтан
пайдалану мерзімінің төмендеуіне тап боласыз.

Барлық қосылатын электр құрылғылары резистивті (омдық) және индуктивті
(реактивті) болып бөлінеді. Резистивті (омдық) электр қозғалтқышы жоқ, әдетте
жылу шығаратын аспаптар жатады: жылытқыштар, телевизорлар, қыздыру шамда­
ры, су жылытқыштар, плиталар. Мұндай аспаптар үшін қуатты есептеу қарапайым
келеді, тұтынылатын қуат мөлшері электр станциясы өндіретін номиналды қуаттан
аспауы керек.

83

Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

Carver PPG-1200А

24 стр.
Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

Carver PPG-3900

24 стр.
Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

DDE G550

24 стр.
Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

DDE G550

24 стр.
Инструмент и стройка / Строительное оборудование и силовая техника / Электрогенераторы

DDE G750E

24 стр.