Текст страницы
Сымсыз іске қосу шамы күйінің сипаттамасы
► Сурет54: 1. Сымсыз іске қосу шамы
Сымсыз іске қосу шамы сымсыз іске қосу функциясының күйін көрсетеді. Шам күйінің мәнін төмендегі
кестеден қараңыз.
Күй
Сымсыз іске қосу шамы
Сипаттамасы
Түсі
Қосулы
Жыпылықтау
Ұзақтығы
Күту
режимі
Көк
2 сағат
Шаңсорғышты сымсыз іске қосу функциясы қолжетімді.
Құралда 2 сағат бойы жұмыс орындалмаса, шам автоматты
түрде өшеді.
Шаңсорғышты сымсыз іске қосу функциясы қолжетімді және
құрал қосулы.
Құрал іске
қосулы
кезде:
Құралды
тіркеу
Жасыл
20 секунд
Құралды тіркеуге дайын. Шаңсорғыш тарапынан тіркеу
күтілуде.
2 секунд
Құралды тіркеу процедурасы аяқталды. Сымсыз іске қосу
шамы көк түсті болып жыпылықтауды бастайды.
Қызыл
20 секунд
Құрал тіркеуден бас тартуға дайын. Шаңсорғыш тарапынан
бас тарту күтілуде.
Құрал
тіркеуден
бас тарту
2 секунд
Құрал тіркеуден бас тарту процесі аяқталды. Сымсыз іске
қосу шамы көк түсті болып жыпылықтауды бастайды.
Басқалары
Қызыл
3 секунд
Сымсыз блокқа қуат беріліп, сымсыз іске қосу функциясы
қосылуда.
Өшірулі
-
-
Шаңсорғышты сымсыз іске қосу функциясы тоқтатылды.
Шаңсорғышқа арналған құралды
тіркеуден бас тарту
Шаңсорғышқа арналған құралды тіркеуден бас тарту
кезінде келесі процедураларды орындаңыз.
1.
Аккумуляторларды шаңсорғыш пен құрылғыға
орнатыңыз.
2.
Шаңсорғыштың күту режимінің ауыстырып-
қосқышын "AUTO" күйіне орнатыңыз.
► Сурет55: 1. Күту режимінің ауыстырып-қосқышы
3.
Шаңсорғыштағы сымсыз іске қосу түймесін
6 секунд басыңыз. Сымсыз іске қосу шамы жасыл
түспен жыпылықтап, содан кейін қызыл түске
ауысады. Содан соң құралдың да сымсыз іске қосу
функциясының түймесін дәл солай басыңыз.
► Сурет56: 1. Сымсыз іске қосу түймесі 2. Сымсыз
іске қосу шамы
Бас тарту процедурасы сәтті орындалса, сымсыз
іске қосу шамдары 2 секунд бойы қызыл түсті болып,
содан кейін көк түсті болып жыпылықтайды.
ЕСКЕРТПЕ: 20 секунд өткеннен кейін сымсыз іске
қосу шамдары қызыл түсті болып жыпылықтауын
тоқтатады. Шаңсорғышта сымсыз іске қосу шамы
жыпылықтап тұрған кезде, құралдағы сымсыз іске
қосу түймесін басыңыз. Сымсыз іске қосу шамы
қызыл түспен жыпылықтамаса, сымсыз іске қосу
функциясының түймесін басып тұрыңыз.
58
ҚАЗАҚША