Инструкция электрорубанок Makita KP001GZ XGT 40V , Без ЗУ

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (стр. 60 из 64)

Бренд: Makita

Страница 60 документа Электрорубанок Makita KP001GZ XGT 40V , Без ЗУ. Раздел: Электрорубанки. Бренд: Makita.

Текст страницы

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ҚОСЫМША КЕРЕК-ЖАРАҚТАР

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тексеру немесе
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізуге әрекеттенбес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Бұл керек-жарақтар мен
қондырмалар осы нұсқаулықта көрсетілген
Makita құралымен бірге пайдалануға
ұсынылады. Кез келген басқа керек-жарақтар
мен қондырмаларды пайдалану адамдардың
жарақаттануына әкелуі мүмкін. Керек-жарақты
немесе қондырманы тек өз мақсатында ғана
қолданыңыз.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жанармайды, бензинді,
сұйылтқышты, спиртті немесе соған
ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе
жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін.

Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген
басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану
арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе
зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан
орындалуы керек.

Жоңқа шығатын тесіктерді тазалау

Жоңқа шығатын тесіктерді үнемі тазалап тұрыңыз.
Жоңқа шығатын тесіктер бітеліп қалса, оларды
сығылған ауамен тазалаңыз.

Пышақтарды қайрау

Тек қалыпты жонғы жүздері үшін

Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу
үшін көмек қажет болса, жергілікті Makita қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.

Жоғары жылдамдықты болат жонғы жүзі

Вольфрам-карбидті жонғы жүзі (ұзақ мерзімді
қолданысқа жарамды)

Шағын жонғы жүзі

Қайрақ ұстағыш жиынтығы

Пышақ өлшегіш жиынтығы

Орнату тақтайшасының жинағы

Бағыттауыш сызғыш жиынтығы

Қайрақ тас

Шаң қапшығының жиынтығы

Иін

Жиектеу сызғышының жиынтығы

Сымсыз блок

Makita түпнұсқа аккумуляторы және зарядтау
құрылғысы

ЕСКЕРТПЕ: Тізімдегі кейбір элементтер
стандартты керек-жарақтар ретінде құралдың
қаптамасында болуы мүмкін. Олар елге
байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Жонғы ойдағыдай жұмыс істеуі үшін пышақтарын
әрдайым қайрап отыру керек. Жонғы пышағының
шеттерін қауіпсіз және тиімді өңдеу үшін қайрауға
арналған ұстағышты (қосымша керек -жарақ)
пайдаланыңыз.
► Сурет57: 1. Қайрақ ұстағыш 2. Пышақ

1.
Қайрауға арналған ұстағыштағы екі құлақты
гайканы босатыңыз.

2.
Қайралатын жүздерді төмен қаратып, жонғы
пышақтарының артқы жақтарын монтаждық
ұяшықтарына тірелгенше кіргізіңіз.
► Сурет58: 1. Қайрауға арналған ұстағыш
2. Құлақты бұранда 3. Пышақ
4. Кесетін жүзі 5. Монтаждық ұяшықтар
6. Болт басы

3.
Жонғы пышақтарын орнына бекіту үшін құлақты
гайкаларды бұрап тартыңыз.

4.
Қайрау алдында жанып жөндеу тасын 2 немесе
3 минутқа суға салып қойыңыз.

5.
Қайрауға арналған ұстағышты мықтап ұстаңыз
және кесетін жүздерді жанып жөндеу тасының бетіне
ақырын қойыңыз.

6.
Қайрауға арналған ұстағышты ары-бері
жүргізіп, кесетін жүздерді қайраңыз.
► Сурет59

60
ҚАЗАҚША

Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Электрорубанки, оснастка / Электрорубанки

PIT PEP20H-82A

24 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Электрорубанки, оснастка / Электрорубанки

PIT PEP20H-82A

24 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Электрорубанки, оснастка / Электрорубанки

Диолд РЭ-800-01

8 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Электрорубанки, оснастка / Электрорубанки

Диолд РЭ-800-01

8 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Электрорубанки, оснастка / Электрорубанки

Электрорубанок BELMASH CPL-200

16 стр.