Текст страницы
KZ
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Біз Сізге артқан сеніміңіз үшін алғысымызды айтамыз және Сіздің са-
тып алған техникаңызға көңіліңіз толатындығына сенімдіміз. GALAXY
техникасы Сіздің үйіңізде жайлылық атмосферасы мен қолайлылықты
орнату үшін жасалған.
Құралды қолдану алдында біз Сізге аталған пайдалану жөнінде-
гі нұсқаулықтың барлық тармақтарымен мұқият танысып шығуды
ұсынамыз.
Құралды сатып алу кезінде оның жұмысқа қабілеттілігіне, механика-
лық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізу, сонымен қатар, сатушы ұйым
мөртабанының бар екендігін, сатылған күнін және сатушының қолтаң-
басын, құралдың корпусындағы сериялық нөмірге дәл сәйкес келетін
үлгінің нөмірі мен сериялық нөмірін және жиынтығын тексеру қажет.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек
келесі шарттарды сақтаған кезде ғана кепілдік беріледі:
1. Электр тоғымен зақымдалуды болдырмау үшін электр құралын,
желілік баусымды немесе істікшені суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
2. Электр құралын қуат беру желісіне қосудың алдында желі параме-
трлерінің 220-240 В, 50 Гц сәйкес екендігіне, ал температураны ретте-
уіштің «0» («сөндірулі») күйінде тұрғандығына көз жеткізіп алу қажет.
3. Электр құралын желіден ажырату кезінде баусымнан емес, істікше-
ден ұстау керек.
4. Егер ол сөндірілген және тіпті желіден ажыратылған болса да, бала-
ларға электр құралына жанасуларына мүмкіндік бермеу керек.
5. Құралды егер ол қолданылмаса әрдайым желіден ажыратып отыру
керек.
6. Сонымен қатар құралды кез келген ақаулықтар орын алған жағдай-
да және жұмыс аяқталғаннан кейін желіден ажырату керек.
7. Құралды аталған нұсқаулықта көрсетілгендерден басқа кез келген
мақсаттар үшін қолданбау керек. Жұмыс, сақтау және құралды күту
аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асы-
рылуы керек.
8. Сым мен құралдың бүтіндігін қадағалау керек. Құралды бүлінулер
бар болған жағдайда қолдануға тыйым салынады.
9. Жұмыс істеп тұрған электр құралының жанында балалардың, бөтен
адамдардың және жануарлардың болуларына жол бермеңіз.
10. Электр құралын егер жану немесе жарылу қаупі бар болған
жағдайда қолданбаңыз, мәселен, тез жанғыш сұйықтықтар мен газдың
жанында.
11. Желілік кабель бүлінген жағдайда қауіп-қатерге жол бермеу үшін
оны өндіруші немесе оның агенті, немесе аналогтік білікті тұлға ауы-
стыруы керек. Желілік кабельді ауыстыру қолданыстағы тарифке сай
авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылуы керек.