Текст страницы
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KZ
12. Электр құралын тек жерге тұйықталған розеткіге ғана қосыңыз.
13. Күйіп қалуларды болдырмау үшін құралдың қыздырғыш элементіне
жанаспаңыз.
14. Жұмыс істеп тұрған электр құралын ешқашан қараусыз қалдыр-
маңыз.
15. Құралды тегіс, орнықты жылуға төзімді бетке желілік ашаға қол-
жетімділік еркін болатындай етіп орналастырыңыз. 16. Электр құралын
газ плиталарының және жылытқыштардың жанында қолданбаңыз.
17. Желілік сымды ширатын бұрамаңыз және оны электр құралының
корпусын айналдыра орамаңыз.
18. Электр құралын дымқыл, шаң және майлы орындарға, тура күн
сәулелері түсетін аймаққа, сонымен қатар ыстыққа төзімділігі төмен
беттерге және бөлмелерден тыс жерлерге орнатпаңыз.
19. Құралды тек қатты тегіс көлденең бетке қабырғалардан және үстел
жиектерінен кем дегенде 15 см қашықтықта орнатыңыз.
20. Температураны реттеуішті ашаны розеткіге қосудың және электр
құралын іске қосудың алдында әрдайым қосқыш жалғағышқа қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулық
барлық мүмкін болатын оқыс жағдайларды қарастыра алмайды.
Қолданушыға электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік
техникасы шараларын өздігінен сақтауы керек болады!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік
немесе есірткілік масайған күйде немесе шындықты объективті
қабылдауға кедергі жасайтын басқа да шарттарда қолданбау
керек, және құралды осындай жағдайлардағы және шарттардағы
адамдарға сеніп тапсырмау керек болады! Қолданушы электр
құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы шараларын
өздігінен сақтауға тиісті болады!
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды алып
тастаңыз. Табаның ішкі бөлігін, қақпақты ыстық суда ыдыс-аяқ жууға
арналған құралмен жуыңыз және мұқият кептіріңіз. Табаны тегіс құрғақ
жылуға төзімді бетке орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Температураны реттеуішті қосқыш жалғағышқа
қоюдың алдында, жалғағыштың ішінен толықтай құрғақ екеніне кө жет-
кізіңіз. Температураны реттеуішті табаның қосқыш жалғағышына қой-
ыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Әрқашан алдымен температураны реттеуішті, ал
сосын – қуат беру баусымын розеткіге қойыңыз.