Инструкция эпилятор Timberk T-EP02N6

Страница 22 (стр. 22 из 28)

Бренд: Timberk

Страница 22 документа Эпилятор Timberk T-EP02N6. Раздел: Эпиляторы. Бренд: Timberk.

Текст страницы

E.
Зарядтауды индикациялау
F.
Зарядтауға арналған ағытпа
G.
Массажды саптама
H.
Қорғаныс қақпағы бар пилинг шөтке
I.
Триммерге арналған алынбалы тарақ
J.
Саптама-триммер
K.
Саптаманы ажырату батырмасы
L.
Шашты дәл қиюға арналған саптама
M.
Саптама-эпилятор
N.
Қорғаныс қақпағы
O.
Білікшені ажырату батырмасы
P.
Мүйізденген табан терісін кетіруге арналған ролик-тілгі
Q.
Тазартуға арналған шөтке
R.
Майсауыт
S.
Зарядтауға арналған USB баусым
T.
Сақтауға арналған қап

*Сурет анықтамалық ақпарат ретінде келтірілген және нақты аспаптан өзгеше болуы мүмкін

6.
ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ

1.
Эпилятор – 1 дана.
2.
Ауыстырылатын саптамалар – 5 дана.
3.
Сақтауға арналған қап – 1 дана.
4.
USB қуат баусымы – 1 дана.
5.
Тазартуға арналған шөтке – 1 дана.
6.
Майсауыт – 1 дана.
7.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1 дана.
8.
Қаптама – 1 дана.
7.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Зарядтау:


Аспапты зарядтау үшін USB баусымының бір ұшын құрылғының төменгі жағындағы
қосқышқа салыңыз. Содан кейін USB баусымының екінші ұшын төмендегі суретте
көрсетілгендей бейімдегішке салыңыз. Содан кейін бейімдегішті розеткаға салыңыз
(бейімдегіш жеткізілім жиынтығына кірмейді). Сондай-ақ, аспап тиісті USB ұясына қосылған
кезде тікелей USB баусымынан зарядталуы мүмкін.

Зарядтау кезінде аспаптың корпусындағы шам ақ түспен баяу жыпылықтайды.

2 сағат бойы зарядталғаннан кейін, жыпылықтайтын ақ шам үнемі жанып тұра бастағанда,
бұл зарядтау аяқталғанын білдіреді.

Баяу
жыпылықтайды

8.
АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
Аспап құрғақ теріге, сондай-ақ дымқыл ваннаға немесе душқа қолдануға жарамды. Егер сіз денеге
арналған кремдерді немесе лосьонды қолданғыңыз келсе, аспапты қолданғаннан кейін жағыңыз.
Жұмсақ және ауырсынусыз эпиляция үшін аспапты душқа арналған әдеттегі гельмен немесе онсыз
дымқыл теріге қолданыңыз.

22