Инструкция эпилятор Timberk T-EP02N6

Страница 23 (стр. 23 из 28)

Бренд: Timberk

Страница 23 документа Эпилятор Timberk T-EP02N6. Раздел: Эпиляторы. Бренд: Timberk.

Текст страницы

Эпиляциядан кейін терінің қызаруы немесе қызыл нүктелер сияқты терінің аздап тітіркенуі мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Эпиляцияны ұйықтар алдында жасауға кеңес береміз, өйткені терінің қызаруы
немесе тітіркенуі әдетте түнде жоғалады.


Эпиляцияны жасаған кезде (эпилятордың бастиегіндегі саптамамен немесе онсыз) шаштың
өсу бағытына байланысты аспапты теріге қойыңыз

Аспапты сезімтал жерлерде қолданған кезде теріні бос қолыңызбен тартыңыз. Қолтық
астына арналған аспапты қолданған кезде қолыңызды көтеріп, теріңізді созу үшін
алақаныңызды желкеңізге қойыңыз

Аспапты қосу/сөндіру


Қосу/өшіру батырмасын бір рет басыңыз – аспап жұмыс істей бастайды – индикатор шамы
мен артқы жарық жанады.

Қосу/өшіру батырмасын екінші рет басыңыз – аспап жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді

Қосу/өшіру батырмасын үшінші рет басыңыз – аспап өшеді
САПТАМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
1.Саптаманы кию үшін оны шертілгенше корпустың жоғарғы жағына бекітіңіз.

2.Саптаманы алу үшін корпустың артқы жағындағы батырманы басып, саптаманы ажыратыңыз.

Саптама-эпилятор
Рәсімге дайындау
Саптама-эпиляторды пайдаланған кезде бастиекті теріге перпендикуляр және шаш өсу бағытына
қарсы бағыттаңыз;


Құрғақ эпиляция: Тері құрғақ болуы керек, май мен крем болмауы керек.

Ылғалды эпиляция: Аспаптың жақсы сырғуы үшін теріні жақсылап ылғалдандыру керек.

23