Инструкция эпилятор Timberk T-EP02N6

Страница 25 (стр. 25 из 28)

Бренд: Timberk

Страница 25 документа Эпилятор Timberk T-EP02N6. Раздел: Эпиляторы. Бренд: Timberk.

Текст страницы

Тазалау: (тек аспапты өшіру керек)
Әр қолданғаннан кейін триммердің жүздерін жиынтықта берілген шөткенің көмегімен тазалаңыз.
Сондай-ақ, оның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жеткізілім жиынтығынан майсауыттың көмегімен
саптама-триммердің жүздерін үнемі майлау қажет. Майланғаннан кейін артық майды кетіру үшін
машинаны біраз уақытқа қосу ұсынылады.
Тазалап болғаннан кейін, пышақ жүзінің шетіне аздап май жағыңыз, жүздерді біраз уақыт
белсендіріңіз, өшіріңіз, содан кейін шығыңқы жерлердегі артық майды сүртіңіз. Бұл рәсім жүздерді
өткір ұстауға, оңай айналуға және тозудың алдын алуға көмектеседі.

Қорғаныс қақпағы бар массаж саптамасы және пилинг шөткесі


Массаж саптамасы бұлшықеттердің босаңсуына көмектеседі және терінің сыртқы түрін
жақсартады

Пилинг шөткесі мүйізделген тері жасушаларын кетіру үшін қолданылады
Массажерді немесе шөткені осы саптамалардың негізіне бекітіңіз, содан кейін негізді аспаптың
корпусына бекітіңіз.
Қажетті нәтижеге жету үшін аспапты баяу айналмалы қозғалыстармен теріңіздің үстінен жүргізіңіз.
Терінің бір аймағында ұзақ уақыт тұрмаңыз.
Тазалау (тек аспапты өшіру керек)
Қолданғаннан кейін шөткені/ саптаманы ағынды сумен шайыңыз.
Қажет болса, мұқият тазарту үшін сұйық сабынды қолданыңыз. Терең массаж үшін саптамадан
қақпақты алыңыз да, ішінде су жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Пилинг шөткесін қорғаныс қақпағында сақтаңыз.

Мүйізденген табан терісін кетіруге арналған ролик-тілгі


Бұл саптаманы қолданған кезде теріні жұмсарту үшін аяқ ваннасын жасаңыз, содан кейін
қалған суды сүртіңіз. Содан кейін саптаманы кигізіп, аяқтың терісінің қажетті жерлерін
өңдеңіз. Аяқтарды өңдегеннен кейін оларды таза сумен шайып, ылғалдандырғыш крем
жағыңыз.

25