Текст страницы
ГАЗ ПЛИТАСЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін және газ плитасын дұрыс пайдалану үшін, пайдала-
нар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, сонымен қатар аспапты
тасымалдағаннан немесе сатқаннан кейін оны соңынан қайта оқып шығу үшін сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс тұтынбау оның сынуына және пайдаланушының денсаулығына
залал немесе материалдық зиян тигізуіне алып келуі мүмкін.
Газ плитасы тек тұрмыстық жағдайда немесе тұрмыстық жағдайларға ұқсас келесі
жерлерде тамақ өнімдерін дайындауға және жылытуға арналған, мысалы:
– дүкендерде, кеңселерде және басқа да жұмыс орындарда персоналға арналған асүй;
– қонақ үй, мотель және өзге де апартамент клиенттеріне арналған техника;
– кафетерийлер және бөлшек саудаға жатпайтын өзге мекемелер және дүкендер желісі.
Газ плитасын мақсатсыз пайдалану, орнату, пайдалану, тазалау ережелерін және
қауіпсіздік шараларын бұзу, сондай-ақ температура шарттарын сақтамау сізді кепілдік
қызмет көрсету құқығынан айырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші құрылғыны дұрыс пайдаланбау немесе сақтық
пен қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан туындаған ақаулық үшін жауап
бермейді.
• Құрылғыны қаптамадан шығарғанда оның бүтін екеніне және бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз. Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Қаптаманы кәдеге дұрыс жаратыңыз.
• Бұл құрылғы физикалық не ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның ішінде
8 жасқа дейінгі балалардың), сондай-ақ өздерінің қауіпсіздігі үшін жауапты адамның
қадағалауынсыз құрылғыны пайдалану жөніндегі білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз
адамдардың қолдануына арналмаған. Балаларға құрылғының элементтерімен
ойнауға болмайды. Құрылғыны күтіп ұстау мен тазалауды балалар ересектердің
қарауынсыз жүзеге асыра алмайды.
• Газ плитасын балалар тек ересектердің бақылауымен пайдалана алады.
• Алғаш қосқан кезде (және әр) қосқан сайын) құралдың бүліну белгілерінің жоқ
екеніне, көрсетілген техникалық сипаттамаларына, электр желісінің параметрлеріне
сәйкестігін тексеріңіз.
• Аспапты қосқан сайын оны тексеріп отырыңыз, қоректендіру бауының және газ
жеткізудің икемді шлангісінің жай-күйін тексеріңіз. Қандай да бір ақаулар (жарықтар,
материалдың балқу іздері, қатып қалуы) анықталған жағдайда ешқандай жағдайда
аспапты розеткаға қоспаңыз, газ берілетін саңылауды дереу жауып тастаңыз және са-
раптама жүргізу және жөндеу үшін сервис орталығына хабарласыңыз, газ плитасын
өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз!
• Егер аспап немесе электрмен қуаттандыру бауы бүлінген болса, еш жағдайда оны
электр желісіне қоспаңыз. Бүлінгені туралы тауарды сатқан дүкенге хабарлаңыз, са-
раптама жүргізу және жөндеу үшін сервис орталығына жүгініңіз. Аспапты өз бетіңізбен
жөндеуге тырыспаңыз. Бұл жағдайда қаптаманы лақтырмаңыз.
• Газ плитасын бөлшектеу, жөндеу немесе оның конструкциясына қандай да бір
өзгерістер енгізу қауіпті болуы мүмкін. Аспаптың электр сымдарының кез-келгені
бүлінгенде электр тогына соғылуға, өртке немесе тұйықталуға әкелуі мүмкін. Ақаулар
туындаған жағдайда газ плитаңыздың моделін және пайда болған ақаулық түрін
38
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ