Инструкция газовая плита Kraft KF-FSK5301GBL

Страница 40 (стр. 40 из 56)

Бренд: Kraft

Страница 40 документа Газовая плита Kraft KF-FSK5301GBL. Раздел: Плиты газовые. Бренд: Kraft.

Текст страницы

ГАЗ ПЛИТАСЫ

ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІ

• Плитаға, оның қасына немесе тұмша пештің ішіне өртенгіш заттарды, тез тұтанатын
материалдарды немесе бұйымдарды қоймаңыз.
• Жабық банкаларды, канистрлаларды және аэрозоль құйылған ыдыстарды пешке
салмаңыз, өйткені олар қызған кезде жарылуы мүмкін.
• Асүй плитасына іргелес орналасқан барлық жиһаз орташа бөлме температурасынан
кемінде 85°C жоғары температураға төтеп беруі керек.
• Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз, тұтануына жол бермес үшін оны
бүркемеңіз.
• Перделер, жанғыш материалдар мен жиһаздар аспаптан кемінде 1 метр аулақ орнала-
суы тиіс.
• Үй-жайды жылыту немесе киімді кептіру үшін ас үй плитасын пайдаланбаңыз. Әрқашан
тұмша пештің есігі жабық болған кезде пісіріңіз.
• Аспапты әр пайдаланған сайын тазалап отыру қажет.
• Әсіресе май мен су көп құйылатын тағамды дайындау кезінде сақ болыңыз. Қатты
қызғанда олар тез тұтанады. Тұтанған майды немесе тоң майды сумен сөндіруге бол-
майды.
• Егер өнімдерді орналастыру немесе шығару кезінде пештің түбіне май, тамақтан
бөлінген сөл және т.б. көп мөлшерде төгілсе, жағымсыз иіс пен өрттің туындауына жол
бермеу үшін пешті пісіруді бастамас бұрын тазалау ұсынылады.
• Конфорка жұмыс істеп тұрған кезде бос кәстрөлді оның ас пісіретін бетіне қоймаңыз.
• Май сығындысының сүзгілерін уақтылы тазалаңыз. Жиналған май да тұтануы мүмкін.

ГАЗ ШЫҒУ ҚАУПІ

• Газ плитасы жұмыс істеп тұрған кезде терезені ашып, сондай-ақ жану өнімдерінің иісін
шығару үшін ас үй сорғышын қосу керек.
• Егер конфорка кездейсоқ сөніп қалса, оны тиісті басқару тұтқасымен өшіріп, қайта
қоспас бұрын шамамен бір минут күтіңіз.
• Егер сіз плитаны ұзақ уақыт пайдалануды жоспарламасаңыз, оны электр желісінен
ажыратып, газ берілетін желіні бұғаттауыңыз керек.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешқашан қосылыстардың бітеулігін және газдың ағып
шығуын ашық оттың көмегімен тексермеңіз!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде барлық конфорка-
ларды сөндіріп, жалпы газ беру желісін жауып, терезелерді ашып, үй-жайды жел-
дету қажет. Ағып шығуды жойғанға дейін ашық от пен ұшқынның пайда болуына
байланысты ешқандай әрекет жасамаңыз. Темекі шегуге және электр аспапта-
рын пайдалануға тыйым салынады. Ағып шығуды жою үшін дереу авариялық газ
қызметін шақыру қажет!

40

ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI5C22WF

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI6C22XA

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI6C22XA

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Kaiser HGE 93555 RotEm (MULTI)

80 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Kaiser HGE 93555 RotEm (MULTI)

80 стр.