Текст страницы
ГАЗ ПЛИТАСЫ
КҮЙІП ҚАЛУ ҚАУПІ
• Пайдалану кезінде плитаның ас пісіретін бетінде немесе тұмша пештің ішінде
орналасқан қыздырғыштарға қол тигізбеңіз, ұстағыштарды қолданыңыз.
• Қызып тұрған пештің есігін ашып, қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз. Алдымен ыстық ауа
аздап шығуы үшін оны есігін ашыңқырап қойыңыз. Тұмша пештің есігін ыстық бетіне
тиіп кетпей, есіктің тұтқасынан ғана ұстап ашу керек.
• Тамақты дайындау және жылыту үшін оның төгілуіне және шашырауына жол бермеу
үшін қолайлы ыдысты қолданыңыз.
• Жазатайым оқиға ұшырамас үшін немесе күйіп қалмас үшін орнықсыз немесе түбі
майысқан ыдыстарды конфоркаға қоймаңыз. Олар құлап кетуі немесе толып кетуі
мүмкін.
• Әрқашан ас ісіру аймағы үшін қолайлы диаметрлері бар ыдыс-аяқтарды қолданыңыз.
Ешқашан конфоркадан кіші диаметрлі ыдыстарды пайдаланбаңыз және ыдыс-аяқ
қойылмаған жағдайда, ас пісіру аймағын қоспаңыз.
• Бір конфоркаға салмағы 5 кг асатын және барлық конфоркаларға бір мезгілдегі
салмағы 10 кг асатын ыдысты қоймаңыз.
• Жоғары температурада еруі мүмкін пластик ыдыстарды пайдаланбаңыз.
• Пышақтар, шанышқылар, қасықтар және қақпақтар сияқты металл заттар плитаның
бетіне түспеуі керек, өйткені олар қызып кетуі мүмкін.
ЗАҚЫМДАНУ ҚАУПІ
• Аспапты қандай болмасын заттар үшін үстел беті немесе тіреп қойғыш ретінде
пайдаланбаңыз.
• Аспаптың есігін ашқан кезде оның жанында ұшқын немесе ашық жалын болмауы керек.
• Тұмша пештің есігі ашық тұрған кезде, оның әйнек есігіне отырмаңыз, оған өнімдер
мен ауыр заттарды қоймаңыз, есігіне сүйенбеңіз, бұл ілмектер мен әйнектің бүлінуіне
әкелуі мүмкін.
• Аспапты есігінен ұстап жылжытпаңыз, ол аспаптың салмағына есептелмеген, сынуы
мүмкін.
• Тұмша пеш камерасының керек-жарақтарын орнату және шығару кезінде әрдайым сақ
болыңыз, шыны есікті тырнап алмау үшін оларды тірелгенше орнатыңыз.
• Тұмша пешке тамақ өнімдерін оның көлемінен асыра отырып, тым көп салмаңыз.
• Газ плитасы металл немесе шыны қақпақпен жабдықталған (модельге байланысты),
ол плитаны шаңнан (жабық күйінде) және май шашыраудан (ашық күйінде) қорғауға
арналған, басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз.
• Қақпақты жабар алдында барлық конфоркаларды өшіріңіз, жанарғылар мен тордың
суығанын күтіңіз.
• Эмаль түсінің өзгеруі аспаптың жұмысының тиімділігіне әсер етпейді.
• Аспапты таза ұстау қажет. Тамақ қалдықтары тұтануы және өртке алып келуі мүмкін.
Жабар алдында қақпақты тазалаңыз. Сондай-ақ есіктің тығыздағышының таза болу-
ын қадағалаңыз.
• Аспап пен оның элементтерін тазалау үшін өткір металл қырғыштарды, жебір және
абразивті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз, олар құралдың бетін сызып таста-
уы мүмкін.
41
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ