Инструкция газовая варочная поверхность Haier HHQ-M64CTB

Гарантийные условия (стр. 46 из 47)

Бренд: Haier

Страница 46 документа Газовая варочная поверхность Haier HHQ-M64CTB. Раздел: Варочные панели газовые. Бренд: Haier.

Текст страницы

8
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы сіздің таңдауыңыз үшін алғыс білдіреді, пайдалану, орнату (монтаждау) және техникалық қызмет
көрсету ережелерін сақтаған жағдайда бұйымдардың (тауарлардың) жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс істеуіне
кепілдік береді. Тұрмыста пайдалануға арналған бұйымдардың ресми қызмет мерзімі: микротолқынды пештер, тамақ
қалдықтарын ұсақтағыштар — 5 жыл; робот-шаңсорғыштар, шаңсорғыштар — 4 жыл; шағын тұрмыстық техника, ақылды
құлыптар — 3 жыл, су тазартқыштар — 2 жыл, қалған бұйымдар — бұйымды соңғы тұтынушыға берген күннен бастап
7 жыл. Бұйымдардың жоғары сапасын ескере отырып, олардың нақты қызмет мерзімі ресми мерзімнен едәуір асып кетуі
мүмкін және ұқыпты әрі мұқият қарасаңыз, олар сізге көптеген жылдар бойы қызмет етеді.
Алайда, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заң негізінде өндіруші
тұтынушыға өнімді мақсатына сай пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттенбейді және тұтынушының өміріне,
денсаулығына қауіп төндіретін, оның мүлкіне немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін елеулі кемшіліктер үшін
жауап бермейді. Дегенмен, бұйымның қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сіз диагностикалық жұмыстарды қосымша
ақыға жүргізу, бұйымды кәдеге жарату туралы ақпарат алу үшін Уәкілетті сервистік орталыққа жүгіне аласыз.
Түсініспеушіліктерді
болдырмау
үшін
сізден
сатып
алу
кезінде
пайдалану
құжаттамасын,
тауарға
кепілдік
міндеттемелерінің шарттарын мұқият зерделеуді, сондай-ақ оны сату кезінде тауарға қоса берілетін құжаттарды (тауар
немесе кассалық чек, пайдалану құжаттамасы, жүкқұжаттар, кепілдік талоны) қызмет мерзімі ішінде сақтауды сұраймыз.
Егер сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды (қосылуды), бұйымға қоса берілетін пайдалану құжаттамасына сәйкес
мерзімді техникалық қызмет көрсетуді талап етсе, Уәкілетті сервистік орталыққа жүгіну қажет.
Газ пайдаланатын жабдықты (бұйымды) орнатуды (қосуды) және оған мерзімді техникалық қызмет көрсетуді ұлттық
заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған ұйым ғана жүргізеді.
Бұйымға кезеңдік техникалық қызмет көрсету қосымша ақыға жүзеге асырылады.
«Haier» корпорациясы төменде көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда бұйымға кепілдік сервистік қызмет көрсетуден
бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Кепілдік бойынша сервистік қызмет көрсету шарттары
Haier корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімді орнатады. Кепілдік бойынша
қызмет көрсету тауарды сату кезінде оған қоса берілетін құжаттармен (тауарлық немесе кассалық чек, пайдалану
құжаттамасы, жүкқұжаттар, кепілдік талоны) жиынтықталған, тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тауарларға
ғана қолданылады. Бұйымда сериялық нөмірдің болмауы (егер оны өндіруші көздеген жағдайда) оны сәйкестендіруге
және соның салдарынан оған кепілдік қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Зауыттық сәйкестендіру тақтайшаларын
бұйымнан алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың, кепілдік пломбалардың бүлінуі немесе болмауы
(егер олардың болуын дайындаушы көздеген жағдайда) кепілдік міндеттемелерін орындаудан бас тартуға себеп болуы
мүмкін.
Кепілдік қызмет көрсетуді тек Наіеr-дің Уәкілетті серіктестері ғана жүргізеді. Уәкілетті қызмет көрсету орталықтарының
толық тізімін алу үшін келесі нөмірлерге қоңырау шалу арқылы Haier байланыс орталығына хабарласыңыз:
8 (800) 070-01-29 — Қазақстаннан келген тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)
немесе https://haieronline.kz/ сайтында немесе support-kz@haieronline.kz электрондық поштасында.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары өзгеруі мүмкін, толық ақпарат алу үшін Haier байланыс орталығына хабарласыңыз.

Кепілдікті қызмет көрсету ақаулықтары мыналар салдарынан туындаған бұйымдарға қолданылмайды:

— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;

— бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;

— тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын және электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар Бұйымды
монтаждауға құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
— егер пайдалану құжаттамасы талап етсе, бұйымға уақтылы техникалық қызмет көрсетудің болмауы;

— су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;

— бұйымның осы түріне сәйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар жуғыш құралдардың ұсынылған
мөлшерлемесінен асып кеткенде;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;

— үшінші тұлғалардың әрекеттерінен: уәкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық
немесе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— Стандарттардан және қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;

— еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.);

— жазатайым оқиғалар, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттері, оның ішінде
бұйымға механикалық зақым келтіруге әкеп соқтырған;
— бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттардың, сұйықтықтардың, жәндіктердің, жәндіктер тіршілігі қалдықтарының түсуі;

— тұрақсыз сымды / сымсыз байланыс және тұрақсыз телефон желілері, сапасыз жерге тұйықтау, сыртқы электромагниттік
өрістер, тікелей күн сәулесінің әсер етуі, жоғары ылғалдылық пен діріл;
— бағдарламалық жасақтама мен вирустық (зиянды) бағдарламалық жасақтаманың үйлесімсіздігі, сондай-ақ кіріктірілген
бағдарламалық жасақтаманы өз бетінше өзгерту, сондай-ақ үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасын пайдалану;
— бүкіл құрылғының немесе оның бір бөлігінің істен шығуына әкелген сыртқы құрылғылардың қосылуы;

— табиғи нашарлау (қартаю), соның ішінде тіркемелер, иілгіш дискілер, нұсқаулықтар, сондай-ақ аккмулятор блогы
сыйымдылығының төмендеуі;
— стандартты емес және (немесе) сапасыз шығын материалдарын, аксессуарларды, қосалқы бөлшектерді, батареяларды
және / немесе әр түрлі типтегі құралдарды пайдалану;

Кепілдік және қосымша сервистік қызмет көрсету мынадай жұмыс түрлеріне таралмайды:

— өнімді пайдалану орнында орнату, баптау және қосу;

— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беруге;

— бұйымның сыртын немесе ішін тазалау;

— тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттері нәтижесінде бүлінген операциялық
жүйені (зауыттық "микробағдарлама") қайта орнату.

Кепілдік және қосымша сервистік қызмет көрсетуге төменде келтірілген шығын материалдары мен
аксессуарлары жатпайды:

— кір және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, суды жеткізу/ағызуға арналған құбыршектерге;

— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, түтіктер, қылшақтар, қондырмалар, шаңжинағыштар;

— микротолқынды пештерге арналған табақтар, істіктер, торлар, табақшалар және қойғыштар;

— тоңазытқыштарда азық-түлік сақтауға арналған сүзгілер, иіс сіңіргіштер, шамдар, сөрелер, жәшіктер, тұғырлар және
басқа да ыдыстар;
— басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуат көздері, сыртқы қуат көздері және зарядтағыштар, ағытпалары
бар қосқыш сымдар;
— бұйымға қоса берілетін құжаттама.

KZ

23

Оглавление

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели газовые

DEXP 30-KB1, 45-KB01, 45-KB02SS, 60-KB01

32 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели газовые

DEXP 30-KB1, 45-KB01, 45-KB02SS, 60-KB01

32 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели газовые

DEXP 30-KB1, 45-KB01, 45-KB02SS, 60-KB01

32 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели газовые

DEXP 30-KB1, 45-KB01, 45-KB02SS, 60-KB01

32 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели газовые

DEXP 9M2GT ST

24 стр.