Текст страницы
4. ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
НАН ПІСІРУ
1. Аспапты тегіс орнықты бетке орналастырыңыз. Тостағанды нан пісіргіштің ішіне
тірелгенше басып салыңыз. Тостағанды қажетті позицияда бекіту үшін басыңыз.
Тостағанның дұрыс орналасқандығына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ
Қамырдың араластыруға арналған қалақта тұрып қалуына жол бермеу үшін қамыр
илеуге арналған пышақты маймен майлау ұсынылады, сондай-ақ бұл пісірілген
өнімнен пышақты оңай суырып алуға мүмкіндік береді.
2. Құрамындағы заттарды рецептке сәйкес әзірлеп қойыңыз. Тостағанға су неме
се басқа сұйықтықты құйыңыз, содан соң қант, тұз, ұн және ашытқы қосыңыз.
Құрамында бидай ұны көп қамырды дайындау кезінде, ретін өзгерту ұсынылады:
жақсы болып шығу үшін, алдымен ашытқы мен бидай ұны, содан соң – қант пен
тұз, соңында – су немесе басқа сұйықтық.
ЕСКЕРТУ
Ұнды қосып жатқанда, оның суды жауып тұруын ескеріңіз. Ұнның жоғарғы жағынан
саусақпен кішкене ойық жасаңыз, оған ашытқы салыңыз. Ашытқының тұзға немесе
сұйықтыққа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
3. Қақпағын жауып, аспапты розеткаға қосыңыз.
4. «МЕНЮ (МӘЗІР)» батырмасы арқылы қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
5. «ЦВЕТ КОРОЧКИ (НАН ҚАБЫҒЫНЫҢ ТҮСІ)» батырмасын басып, бағыттамамен
қажетті түсті таңдаңыз: ақшыл, сарғыш, қызарған.
6. «РАЗМЕР БУХАНКИ (БӨЛКЕ ӨЛШЕМІ)» батырмасын басып, бағыттамамен қажетті
бөлке өлшемін таңдаңыз.
7. Қажет болған жағдайда, дисплейде көрсетілген айналым уақытын реттеу
үшін, «ТАЙМЕР+»/«ТАЙМЕР-» батырмасын қолданыңыз. Егер нанды дереу
дайындағыңыз келсе, бұл үдерісті ескермеуіңізге болады.
8. Сіз нанның түсі мен өлшемін белгілегеніңізден кейін, реттеуді растау үшін, «СТАРТ/
СТОП» батырмасын басыңыз. Бағдарламаны іске қосу және жұмысты бастау үшін,
СТАРТ/СТОП» батырмасын тағы да басыңыз. Таймерде қос нүкте жанып-сөнеді
және уақыт санағы басталады. «►» символы ағымдағы жұмыс үдерісін көрсетеді.
ЕСКЕРТУ
Егер сіз бағдарламаны тоқтатқыңыз келсе, «СТАРТ/СТОП» батырмасын басып, 3
секунд ұстап тұрыңыз. Аспаптың жұмыс істеуі кезінде басқа батырмаларды басу
ұсынылмайды.
ЕСКЕРТУ
Нан пісіргіш илер алдында бірінші алты бағдарламада және «Қолмен реттеу»
бағдарламасында белгілі бір уақыт қызады (20-беттегі кестені қараңыз).
26