Инструкция хлебопечь Centek CT-1415

Страница 28 (стр. 28 из 36)

Бренд: Centek

Страница 28 документа Хлебопечь Centek CT-1415. Раздел: Хлебопечки. Бренд: Centek.

Текст страницы

9. Негізгі, Француз, Тұтас дәнді, Глютенсіз, Тәтті, Сүтті нан, Ашытқан қамыр және
Қолмен баптау бағдарламалары дайындау кезінде ингредиенттерді қосуды
ұсынады. Ингредиенттерді қосу уақыты келгенде, нан пісіргіш он дыбыстық сиг­
нал береді және дисплейде «►» белгісі пайда болады – бұл ингредиенттерді
(жаңғақ, жемістер, мейіз) қосу қажет екендігін білдіреді.
10. Дисплейде 0:00 көрсетілген кезде, бағдарламаның аяқталғандығын білдіретін 10
дыбыстық сигнал беріледі. Автоматты түрде автожылыту функциясы іске қосылып
кетпеу үшін, «СТАРТ/СТОП» батырмасын басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз.

ЕСКЕРТУ
Автожылыту функциясы нан пісіргеннен кейін 1 сағат ішінде автоматты түрде іске
қосылады және жұмыс істеп кетеді. Бағдарламаны жою үшін «СТАРТ/СТОП» батыр­
масын басып, 3 секунд ұстап тұру керек.

11. Нан пісіргіштің қақпағын ашыңыз, асүй тұтқышының көмегімен пісіруге арналған
тостаған тұтқасынан ұстаңыз және тостағанды нан пісіргіштен шығарыңыз.
Тостағанды ыстық тамақты қоюға арналған қойғышқа қойыңыз.

ЕСКЕРТУ
Жұмыс кезінде ерекше сақ болу керек, нан мен пісіруге арналған тостаған өте
ыстық болады, күйіп қалудың алдын алу және асүй жиһазын сақтап қалу үшін асүй
тұтқышын және ыстық тамақты қоюға арналған қойғышты қолдану керек.

12. Тостағанды ақырын аударып, нан түскенше сілкіңіз. Қажет болған жағдайда,
нанды тостаған қабырғаларынан мұқият бөліп алу үшін, металл емес күрекшені
пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТУ
Егер араластыруға арналған пышақтар (2 дана) нанның ішінде қалып қойса, оларды
ілмектің көмегімен абайлап шығарып алыңыз, күйіп қалуға жол бермеу үшін, оны
қолмен суырмаңыз.

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

ҚУАТ БЕРУ КӨЗІН ҚОСҚАННАН КЕЙІН
Нан пісіргішті қуат беру көзіне қосқан кезде, дыбыстық сигнал беріледі және дисплей­
де «3:00» көрсетіледі. «3» пен «00» арасындағы қос нүкте жанып-сөнбейді. «Негізгі»
бағдарламасы алдын ала белгіленген бағдарлама болып табылады. Бағыттамалар
«1250 г» салмағын және нан қабығының түсі «Сарғышты» көрсетеді, себебі олар
алдын ала белгіленген реттеулер болып табылады.

«СТАРТ/СТОП»
«СТАРТ/СТОП» батырмасы пісіру бағдарламасын іске қосуға және тоқтатуға арналған.
Бағдарламаны іске қосу үшін «СТАРТ/СТОП» батырмасын бір рет басыңыз. Қысқаша
дыбыстық сигнал беріледі, индикатор жанады және уақыт дисплейінде қос нүкте
жанып-сөне бастайды, бағдарлама іске қосылады. Бағдарлама іске қосылғаннан
кейін, «СТАРТ/СТОП» батырмасынан басқалары белсенді емес болады.

27

Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Хлебопечки

DEXP BRM-M619

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Хлебопечки

Hyundai HYBM-M0714

20 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Хлебопечки

Panasonic SD-B2510WTS

25 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Хлебопечки

Panasonic SD-B2510WTS

25 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Хлебопечки

Хлебопечь DEXP BRM-M615

24 стр.