Текст страницы
Күту режимі
Күту режиміне кіру/шығу үшін «Қуат» түймесін 3 секунд бойы басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тоңазытқыш күту режиміне өткен кезде, тоңазытқыш салқындатуды тоқтатады және
температураны орнату аймағында «--» таңбасы көрсетіледі.
Wi-Fi функциясы
Бұл құрылғыны смартфон немесе планшет арқыты қашықтан басқаруға болады. Құрылғы үйдегі желіге
қосылмаған болса, ол әдепкі құрылғы ретінде жұмыс істей береді.
Құрылғыны қосу үшін сізге не қажет?
Жергілікті сымсыз желі (Wi-Fi) сигналы құрылғы орнатылатын жерде жеткілікті түрде күшті болуы тиіс.
Үйдегі желі роутері интернетке қосылған болуы тиіс және құрылғыдағы Wi-Fi функциясы іске қосылуы
керек.
Смартфон/планшет интернетке қосылған болуы керек.
Смартфондағы/планшеттегі операциялық жүйе ConnectLife қолданбасымен үйлесімді болуы тиіс.
ConnectLife қолданбасы
ConnectLife қолданбасын Apple App Store немесе Google Play Store дүкендерінен тегін жүктеп алуға
болады.
ConnectLife қолданбасын орнату
1. Смартфоннан/планшеттен App Store (Apple құрылғылары), AppGallery (Huawei құрылғылары) немесе
Google Play store (Android құрылғылары) дүкеніне өтіңіз.
2. «ConnectLife» деп іздеңіз.
3. ConnectLife қолданбасын таңдап, смартфонға/планшетке орнатыңыз.
АҚПАРАТ!
Құрылғыңызбен қосылым орнатар бұрын, мобильді қолданбаны жүктеп алып, орнатуға және ConnectLife
аккаунтын жасауға кеңес береміз.
21