Инструкция холодильник многодверный Hisense RT641N4ACE

Ақауларды жою (стр. 60 из 63)

Бренд: Hisense

Страница 60 документа Холодильник многодверный Hisense RT641N4ACE. Раздел: Холодильники. Бренд: Hisense.

Текст страницы

Ақауларды жою

Құрылғыңызға қатысты мәселелер туындаса, сервистік орталыққа жүгінбес бұрын, келесі тексеру
жұмыстарын жүргізіңіз.

Ескерту! Құрылғыны өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз. Төмендегі тексеру жұмыстары жүргізіліп, сонда
да мәселе шешімін таппаса, білікті электр маманына, авторландырылған сервис орталығына немесе
құрылғыны сатып алған сатушыға хабарласыңыз.

Мәселе:
Болжалды себебі және шешімі

Құрылғы дұрыс жұмыс
істемейді

Қуат беру сымы розеткаға дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Сақтандырғышты тексеріп, ауыстырыңыз немесе қажет болған
жағдайда автоматты ажыратқышты қайта қосыңыз.
Қоршаған орта температурасы тым төмен. Бұл мәселені шешу
үшін камера температурасын суығырақ етіп орнатып көріңіз.
Мұздатқыш камерасы жібіту циклінде немесе бірден
компрессорды қорғауды бастаған соң, жұмыс істемеуі мүмкін.

Жағымсыз иістер
Құрылғының ішін тазалаңыз.
Иісі шығатын тағамдарды, контейнерлерді немесе орағыш
материалдарды тексеріңіз.

Құрылғыдан шығатын шу
Қалыпты дыбысқа мыналар жатады:
Компрессор жұмыс істеп тұрған кездегі шу.
Желдеткіш моторларынан шығатын ауа айналымының шуы.
Су қайнап жатқан секілді бүлкілдеген дыбыс.
Автоматты жібіту кезіндегі шытынау дыбысы.
Компрессор іске қосылғаннан бұрынғы шыртыл.
Қалыптан тыс шуларды естісеңіз:
Тоңазытқыш түзу тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны қабырғаларға тақамаңыз.
Бір біріне соғылған бөтелкелер немесе контейнерлер.

Мотор үздіксіз жұмыс істейді
Бұл мына жағдайларда орын алуы мүмкін:
Температура қажетті мәннен суығырақ етіп орнатылған.
Жуырда үлкен көлемде жылы тағам қосылды.
Орта температурасы жоғары.
Есіктер тым жиі немесе тыс ұзақ уақытқа ашылады.
Құрылғы өшкен күйде болған соң, жаңадан орнатылды немесе
қайта іске қосылды.

Аяз қалыптасу
Ауа айналуы үшін саңылаулардың бөгелмегенін және сақталатын
тағам айналасында орынның жеткілікті екенін тексеріңіз. Есіктің
толықтай жабылатынын тексеріңіз. Аязды жою үшін «Тазалау
және күтім жасау» бөлімін қараңыз.

Іші тым жылы
Есікті ашық күйде ұзаққа қалдырмаңыз. Есіктің жабылуына кедергі
болатын ешқандай заттың жоқ екендігіне және құрылғының
айналасында бос орын жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз.

29

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.