Текст страницы
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Тұрмыстық тоңазытқыштар, мұздатқыш-тоңазытқыштар, мұздатқыштар (бұдан әрі мәтін
бойынша - тоңазытқыштар) азық-түлікті қысқа мерзімге сақтауға және сусындарды балғын
тағамдық өнімдерді сақтауға арналған бөлімде суытуға, балғын азық-түлікті мұздатуға және
мұздатылған тағамдық өнімдерді сақтау бөлімінде мұздатылған азық-түлікті ұзақ уақыт
бойы сақтауға арналған.
Тоңазытқыш белгілерінің мағынасын ашып көрсету:
«M»
- «Металлик» түстік сызығы,
«W»
- «Күңгірт графит» түстік сызығы,
«B»
- «Қара» түстік сызығы,
«I»
- «Тот баспайтын болат» түстік сызығы,
«С»
- «Күміс түстес металлопласт» түстік сызығы,
- «Ақ» түстік сызығы - белгісі жоқ.
ҚАЗАҚША
Тоңазытқыштар КО ТР 004/2011, КО ТР 020/2011, ЕАЭО ТР 037/2016, МЕМСТ 16317-87
талаптарына сай келеді.
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ
- Орам таспаларын кесіп тастаңыз, ораманы абайлап алыңыз.
- Тоңазытқыштың ішкі бөлшектерін орам материалдарынан босатыңыз.
Қаптаманы
ашу
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
• Тоңазытқышты тік қалпына орнатқаннан кейін қосудың алдында кемінде 30 минут
күту қажет. Бірден қосу тоңазытқыш агрегатының істен шығуына әкелуі мүмкін!
• Тоңазытқышты қоспас бұрын, компрессордың үстінде орналасқан еріген су
ыдысының сенімділігін тексеріңіз (Бирюса 551, 553 үлгілеріне ғана).
• Егер тоңазытқыш 0°С-тан төмен температурада сақталса немесе тасымалданса,
онда электрмен қоректендіру желісіне қосар алдында тоңазытқышты есігі ашық
бөлме температурасында кемінде 8 сағат ұстау қажет. Жылытылмаған тоңазытқышты
желіге қосу оның істен шығуына әкелуі мүмкін!
Орнату
• Тоңазытқышты тікелей күн сәулесі түсетін жерге, жарық беретін және қыздыратын
аспаптардан (газ және электр плиталары, пештер мен жылыту радиаторлары) кемінде 50
см қашықтықта орнату қажет.
• Тоңазытқыштың үстінде ауа айналымы үшін кемінде 10 см бос орын болуы керек.
• Жылжытуға ыңғайлы болу үшін тоңазытқыштар компрессор негізінде орнатылған
доңғалақты тіректермен жабдықталған.
Тоңазытқышты текшеге орнатуға немесе оны жиһаз ішіне салуға.
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Тоңазытқыш қоршаған ауаның температурасы 16-дан 32 °С-қа дейін, салыстырмалы
ылғалдылығы 75% - дан аспайтын үй-жайларда орнатуға арналған.
Тоңазытқышты көлденеңінен туралау реттеу тіректерін бұрау немесе бұрап алу арқылы
жүзеге асырылады.
Теңестіру
Тоңазытқышты тегістеу кезінде жұмыс кезінде діріл мен шудың пайда болуын
болдырмау үшін оның тұрақты күйіне көз жеткізу қажет.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
ҰСЫНАМЫЗ
• Есіктердің өздігінен жабылуы үшін тік өстен сәл артқа (5-7 мм) тоңазытқышты орнату
ұсынылады.
• Қажет болса, камералардың есіктерін қарама-қарсы жаққа ашуға қайта орналастыруға
болады. Есіктерді қайта орналастыру кепілдікті міндеттемелерге жатпайды және сервистік
орталықтың механигімен (бөлек төлемге) немесе «Есіктерді қайта орналастыру» бөлімінде
келтірілген нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланушымен өз бетінше жүргізіледі.
15