Текст страницы
580 мм
Тоңазытқышты
пайдалануға
қажетті ең аз
жалпы кеңістік
620 мм
30 мм
1140 мм
ҚАЗАҚША
min 90°
600 мм
Тазалау
Тоңазытқышты еңкейгеннен кейін жұмыс жағдайына келтіру үшін қажетті уақытты
гигиеналық тазалау үшін пайдалануға болады.
• Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін, сондай-ақ компоненттерді жылы сабынды
суға малынған жұмсақ шүберекпен жуыңыз, таза сумен шайыңыз және құрғатыңыз.
• Тазалаудан кейін компоненттерді орналастырыңыз: сөрелер, ыдыстар, кедергілер.
Олардың орналасуы және әр үлгі үшін саны «Жиынтықталымы» бөліміндегі суреттерде
көрсетілген.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
• Тоңазытқышты тазалау үшін құрамында абразивтер, қышқылдар мен еріткіштер
бар жуу құралдарын пайдалануға тыйым салынады!
• Жаңа тоңазытқыштың белгілі бір иісі бар, ол уақыт өте келе толығымен жоғалады.
Қосу
• Тоңазытқышты 50 Гц жиіліктегі және номиналды кернеуі 220 В болатын айнымалы
ток желісіне қосу керек (тоңазытқыш 198 В-тан 242 В-қа дейінгі кернеу кезінде қалыпты
жұмыс істей алады). Тоңазытқышты көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтін желіге
қосу оның істен шығуына әкелуі мүмкін. Егер желідегі кернеу ұсынылған параметрлерге
сәйкес келмесе, тұрмыстық электр құрылғыларымен жұмыс істеуге арналған, кемінде
1600 ВА толық іске қосу қуатына есептелген кернеу тұрақтандырғышын орнату қажет
(мамандандырылған дүкенде сатып алынады).
• Тоңазытқыштар «I» класты электр тогының зақымдануынан қорғау түрі бойынша
шығарылады (жерге қосу сымымен), сондықтан тоңазытқыштарды тек жерге тұйықталған
электр желісіне қосу керек. Егер розетка тоңазытқыштың қуат сымының айырына сәйкес
келмесе, онда розетканы орнату үшін білікті электршімен байланысу керек (қорғаныс класы
I).
• Тоңазытқыштың қабықшасымен қамтамасыз етілетін қорғаныс дәрежесі - IP20
Азық-түлікті тоңазытқышта оны электрмен қоректендіру желісіне қосқаннан кейін 4 сағаттан
ерте емес орналастыру ұсынылады.
Өнімдерді
орналастыру
16