Текст страницы
Есте сақтау функциясы
Егер пісіру панелі кездейсоқ сөндірілген болса, бұл функция конфоркалардың барлық баптауларын қалпына келтіруге
алдында белсенді болған баптаулардың бəрі қалпына келтірілетін болады.
Кідіріс функциясы
Қосу
Бір немесе бірнеше конфорканың жұмысын тоқтату үшін, Кідіріс/Старт (pause/start) батырмасын басыңыз. Қысқа сигнал
естіледі, ал дисплейде «11» көрсетіледі. Өшіру
Кідіріс іске қосылып тұрғанда Кідіріс/Старт (Pause/Start) батырмасын басыңыз, сонда индукциялық пісіру панелі бұрын
белгіленген режимде жұмысын қайта бастайды.
ЕСКЕРТПЕ
1. Кідіріс режимінде «Pause/Start», «Lock», «ON/OFF» батырмаларынан басқа барлық батырмалар бұғатталған.
2. Кідіріс кезінде дайындаудың таймері санағын уақытша тоқтатады. Кідіріс аяқталғаннан кейін, таймер уақыт санағын қайта
қосады.
3. Кідіріс функциясының көмегімен пісіру панелінің жұмысын 30 минуттан арттырмай, тоқта тұруға болады. Егер 30 минут-
тың ішінде бір де бір батырма басылмаған болса, онда бүкіл белсенді конфоркалар автоматты түрде сөнеді.
Басқару элементтерін бұғаттау
• Аңдаусыз пайдалануға (мысалы, балалардың конфоркаларды кездейсоқ қосуына) жол бермеу үшін, басқару батырмаларын
бұғаттауға болады.
• Бұғаттау режимінде басқарудың бүкіл элементтері, «ON/OFF» батырмасын қоспағанда, сөнеді. Басқару элементтерін бұғат-
тау:
Бұғаттау батырмасын басыңыз жəне 2 секунд бойы басып, ұстап тұрыңыз. Таймер дисплейінде «Lo» көрсетіледі. Басқару
элементтерін бұғаттан шығару:
1. Индукциялық пісіру панелі қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
2. Бұғаттау батырмасын басыңыз жəне 2 секунд бойы басып, ұстап тұрыңыз.
3. Енді индукциялық пісіру панелін пайдалануға болады.
Пісіру панелі бұғаттау режимінде болғанда, басқарудың бүкіл батырмалары, «ON/OFF» батырмасын қоспағанда, сөндірілулі
болады. Сіз төтенше жағдайда «ON/OFF» батырмасының көмегімен индукциялық пісіру панелін əрқашан сөндіре аласыз.
Бұл ретте оның қосу үшін, алдымен пісіру панелін бұғаттан шығару керек.
Қызып кетуден қорғау
Температура сезбегі индукциялық пісіру панелінің ішіндегі температураны қадағалауы мүмкін. Қатты қызып кеткен жағдай-
да, индукциялық пісіру панелі автоматты түрде сөнеді.
Ұсақ заттарды табу
Егер пісіру панеліне габаритті емес немесе магнитті емес ыдысты (мысалы, алюминий) немесе басқа да ұсақ заттарды
(пышақ, шанышқы, кілт) қалдырса, дисплей « » жыпылықтайтын болады, жыпылықтайды, ал пісіру панелі 1 минуттан
кейін автоматты түрде күту режиміне ауысады. Желдеткіш тағы екі минут бойы индукциялық пісіру панелін салқындатуды
жалғастыратын болады.
Қорғағыш автоматты сөндірілу
Автоматты түрде сөндіру сіздің индукциялық пісіру панеліңіздің қорғаныш функциясы болып табылады. Егер пісіру панелін
сөндіруді ұмытып кетсеңіз, біраз уақыттан кейін ол автоматты түрде сөнеді. Əдепкі қалып бойынша сөндірілу уақыты қуат-
тың əртүрлі деңгейлері үшін төмендегі кестеде көрсетілген:
Қуат деңгейі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Əдепкі қалып бойынша таймерді баптау (сағат)
8
8
8
4
4
4
2
2
2
Ыдысты конфоркадан алғаннан кейін индукциялық пісіру панелі қыздыруды бірден тоқтауы мүмкін, жəне 1 минуттан кейін ол
автоматты түрде сөнеді.
6
Кардиостимуляторы бар тұлғаларға осы аспапты қолданар алдында дəрігермен кеңесу керек.
!
30
36
00
36
Таймерді қолдану
• Таймерді бір немесе бірнеше конфорканы белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін сөндіруге баптауға болады.
• Таймерде 99 тоғыз минутқа дейін уақытты белгілеуге болады.
Бір конфорканы сөндіруге арнап таймерді баптау
1. Таймерді баптау керек болған конфорканы таңдау батырмасын басыңыз.
2. Таймерді басқару батырмасын басыңыз. Кері санақ индикаторы жанып сөне бастайды, ал таймер дисплейінде
«30» көрсетіледі.
3. Уақытты орнату үшін таймердің “–” немесе “+” батырмаларын басыңыз.
Кеңес: таймерді басқару батырмаларын басқанда, “–” немесе “+” мəні 1 минутқа азаятын немесе көбейетін болады.
Уақытты 10 минуттық қадаммен өзгерту үшін “–” немесе “+” батырмасын басып ұстаңыз.
Реттеу элементін солдан оңға немесе оңнан солға жылжытыңыз - уақыт 10 минутқа көбейеді немесе азаяды.
4. Таймерді болдырмау үшін, «-» батырмасын басумен дайындау уақытын нольге дейін азайтыңыз, немесе минуттық
дисплейде «00» көрсетілгенде таймерді басқару батырмасын басыңыз.
5. Уақыт белгіленгенде, оның санағы бірден басталады. Дисплейде қалған уақыт көрсетіледі жəне таймер шамы 5
секунд ішінде жыпылықтайды.
ЕСКЕРТПЕ: қуат индикаторының жанындағы жыпылықтайтын қызыл нүкте таймер таңдалған конфорка үшін
уақыт санағанын білдіреді.
6. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін тиісті конфорка автоматты түрде сөнеді.
7. Бірнеше конфоркаларды кейінге қалдырылған сөндіруді баптау кезінде, дисплейде ең төмен кідіріс уақыты
көрсетіледі. Егер басқа конфорканың сөнуіне дейін қалған уақытты қарағыңыз келсе, басқа конфоркаға арналған
батырманы басу керек.
6.
Егер бұрын басқа конфоркалар қосылған болса, олар жұмысын жалғастырады.
!
6