Текст страницы
Таймердің уақытты кері санауы
Кері санақ таймері тəуелсіз жұмыс істейді жəне қандай болса да конфорканың жұмысына байланысты емес. 1.
Таймерді басқару батырмасын басыңыз, таймер индикаторы жыпылықтай бастайды, ал таймер дисплейінде «30» саны
көрсетіледі.
2. Таймердің “–” немесе “+” батырмаларына басу арқылы уақытты белгілеңіз. 99 минутқа дейін белгілеуге болады. 3.
Уақыт белгіленгеннен кейін бірден кері санақ басталады.
4. Таймердің кері санағы аяқталғаннан кейін, пайдаланушыға ескерту үшін, 20 қысқа дыбыстық сигнал естіледі.
Жылу сақтау (қыздыру) функциясы
Қосу
1. Жылытуды қосқыңыз келген конфорканы таңдау батырмасын басыңыз.
2. 1-режимге ауыстырып-қосу үшін қыздыру батырмасын («Keep warm») басыңыз, тиісті дисплейде « » көрсетіледі;
бұл ретте температура 42 °C шамасында сақталатын болады.
3. 2-режимге ауыстырып-қосу үшін қыздыру батырмасын («Keep warm») екі рет басыңыз, тиісті дисплейде « »
көрсетіледі; бұл ретте температура 70 °C шамасында сақталатын болады.
4. Нақты температура ыдыс түріне жəне тағам мөлшеріне байланысты. Өшіру
1. Қосқыңыз келген конфорканы таңдау батырмасын басыңыз.
2. Егер конфорка 2-режимде жұмыс істеп тұрса, қыздыру батырмасын («Keep warm») қайталап басыңыз, тиісті
дисплейде «–» көрсетіледі, ал конфоркаға арналған қыздыру режимі сөнеді.
3. Қыздыру функциясы 8 сағаттан артық жұмыс істемейді. Егер 8 сағаттың ішінде басылу болмаса, онда осы уақыт
аяқталғаннан кейін белсенді конфоркалар сөнеді.
Кеңейту аймағы функциясын пайдалану (Максималды қуаты 3000 Вт) (CHXY64NFB/CHXY64TFB)
Кеңейту аймағы функциясын қосу
1. «Кеңейту аймағы» функциясын қосуға арналған сол жақтағы тиісті батырманы басыңыз.
Сол жақта Кеңейту аймағының үстінде индикатор жанады Конфоркаларды қыздыруды баптау деңгейлері əдепкі қалпы
бойынша «0»-ге орнатылған, оларды ең төмен «1» мəнінен ең жоғары «9»-ға дейін баптауға болады. Осыған дейін
конфоркалар үшін жұмыс істеген барлық батырмалар өшіріліп, таймер дисплейінде екі «– –»сызығы пайда болады.
2. Кез келген конфорканы қыздыруды реттеу элементінің көмегімен қуат деңгейін белгілеңіз. Таңдалған қыздыру
деңгейі кеңейту аймағындағы əрбір конфорка үшін қыздыру деңгейінің дисплейінде көрсетіледі.
Кеңейту аймағы функциясын сөндіру
Пайдаланылатын конфорка үшін Кеңейту аймағы функциясы батырмасын басыңыз.
Біріктірілген конфоркалар əрі қарай екі жеке конфорка ретінде жұмыс істейді.
Қуатты арттыру батырмасы (Boost) (CHXY64NB/CHXY64NFB)
Пісіру панелі жұмыс істеп тұрған кезде конфорканы таңдау батырмасын, ал содан кейін Boost батырмасын басыңыз,
бір дыбыстық сигнал естіледі.
дисплейде «P» белгішесі көрсетіледі, пісіру панелі BOOST режиміне ауысады, ал қуат 1500 Вт/2000 Вт дейін
жоғарлайды. Boost режимі 5 минут қолданылады, одан кейін пісіру панелі автоматты түрде алдыңғы жұмыс режиміне
қайтады. Қуатты арттыру режимін сөндіру үшін пісіру панеліндегі BOOST батырмасын басыңыз, конфоркалар
əдеттегі режимде жұмыс жасайды.
!
Ас əзірлеу бойынша нұсқаулар.
Қуыру кезінде түбінің қалыңдығы 3 мм аз табаны пайдалану ұсынылады, кері жағдайда тағам нашар
қуырылады. Қуырған кезде абай болыңыз, əсіресе, «Boost» функциясын пайдалансаңыз, май өте
жылдам қызады. Аса жоғары температурада май кенеттен тұтанады, бұл өрт шығуының жоғары қауіпін
тудырады.
.
-
,
-
.
.
7