Текст страницы
Ортодонттық қондырма көпірлерді, брекеттерді, тіс
қаптамаларын тазалау үшін, жасанды құрылымдардың
барлық элементтері үшін жарамды.
Тілге арналған қондырма бактерияларды, өңізді кетіреді, тынысты
сергітеді.
Жұмсақ ұштығы бар пародонттық қондырма қызылиек жиегін және қызылиек қалташаларын
тазалайды. Сондай-ақ оны көпірлі құрылымдар мен протездерді өңдеу үшін пайдаланады.
Назар аударыңыз! Қондырма әр пайдаланушы үшін қатаң жеке болуы тиіс.
Әртүрлі пайдаланушылардың қондырмаларын ажырату үшін қондырмаларда әртүрлі түсті
сақиналар бар.
Қондырмаларды 6 ай үнемі пайдаланғаннан кейін ауыстыру ұсынылады.
- ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
- Бүкіл қаптау материалды алып тастаңыз.
- Аспапта көрсетілген кернеу желі кернеуіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
3. Құрылғыны тегіс бетке орналастырыңыз және баусым құрғақ әрі
бүлінбеген екендігігне көз жеткізіңіз.
Құрылғының қуаттануы DC jack ағытпасы бар арнайы адаптердің көмегімен жүзеге
асырылады (Кіріс желілік кернеу: 100-240В ~50/60Гц; Шығысы: 12В -1,5А).
4. Сымның ұштығын аспап корпусының төменгі бөлігінде орналасқан ағытпаға кіргізіңіз.
5. Адаптердің айырын розеткаға кіргізіңіз.
6. Суға арналған резервуардың қақпақшасын шешіп алыңыз.
7. Суға арналған резервуарды шешіп алыңыз және температурасы 40°C-ден аспайтын таза ауыз суға
толтырыңыз.
8. Суға арналған толтырылған резервуарды аспап корпусына кері орнытыңыз және тығыздап қысыңыз.
34