Текст страницы
Қондырманы орнату
Қондырманы бекіту муфтасына басыңыз және ұштықты ирригатор
тұтқасының ортасына кіргізіңіз. Қондырма сенімді бекітілгеніне көз жеткізу
үшін қондырманы абайлап алып шығуға тырысыңыз.
Қондырманы алып шығу
Ирригатор тұтқасының жоғарғы бөлігіндегі қондырманы бекіту муфтасын
басыңыз, содан кейін қондырманы жоғары қарай сәл тартыңыз.
Назар аударыңыз! Ирригатор жұмыс істеп тұрған кезде қондырманы бекіту
муфтасын баспаңыз.
8. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ.
Қондырманы ауызға жайғастырғанша құрылғыны іске қоспаңыз.
Алғашқы пайдаланғанда судың неғұрлым төмен қысымын таңдау, содан кейін уақыт өте су қысымын сізге
қажетті мәніне дейін жоғарлату ұсынылады.
1. Ирригатор тұтқасын ұстап, қондырманы шұңғылшаға бағыттаңыз.
Аспапты іске қосу үшін қос./сөнд. батырмасын басыңыз.
2. Режимді таңдау үшін режимдерді ауыстырып-қосу батырмасын
бұрыңыз. Баптағаннан кейін су қысымын реттеу үшін ирригатор тұтқасындағы батырманы басыңыз.
- Қондырма тұтқасын айналдырып, қондырма бағытын реттеңіз.
- Шұңғылшаның үстіне еңкейіңіз және ұштықты аузыңызға салыңыз, содан кейін, тісті тазалау
процедурасын бастау үшін, су ағынын ауыстырып-қосқышты «I» жайғасымға жылжытыңыз. Судың
шашырауына жол бермеу үшін ауызыңызды сәл жабыңқыраңыз.
35