Текст страницы
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ
НҰСҚАУЛАР
▪Аспапты тек қана мақсаты бойынша пайдаланыңыз
▪Осы аспапты пайдалануды бастар алдында «Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты»
мұқият оқып шығыңыз.
▪Аспапты іске қосар алдында әр кезде оны қарап байқап шығыңыз. Құрылғы немесе
USB кабелі зақымдалған болса, аспапты ешқашан зарядтамаңыз. Аспап құлағаннан
кейін, көзге көрінетін зақымдану белгілері болса, оны пайдалануға болмайды.
Пайдаланар алдында, аспапты білікті маман тексеріп шығуы тиіс.
▪Аспап пен USB кабелі жоғары температураның, тікелей күн сәулесінің және ылғалдың
әсеріне ұшырамайтындай сақталуы керек.
▪Егер Сіз енді аспапты пайдаланбайтын болсаңыз, оны әрқашан сөндіріп қойыңыз.
▪Аспапты балалар үшін қолжетімді емес жерде сақтаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
▪Осы аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар немесе тәжірибе
мен білімі жеткіліксіз
адамдардың (балаларды қоса алғанда), мұндай адамдарға
қадағалау жүзеге асырылатын немесе олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның
осы құралды пайдалануына қатысты оларға нұсқау беретін жағдайларды қоспағанда,
пайдалануына арналмаған. Балаларды аспаппен ойнауға жол бермеу мақсатында
қадағалауды жүзеге асыру қажет.
▪Ешбір жағдайда аспапты суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз. Құрылғы
суға құлаған жағдайда, зарядтау адаптерін желіден, содан кейін құрылғыны
адаптерден дереу ажыратыңыз. Аспапты қайта қолданар алдында, оны білікті маман
тексеруі керек.
▪Құрылғыны зарядтау кабелін тек сәйкес сипаттамалары бар USB ағытпасына
қосыңыз.
▪Кез келген қате қосу Сізді кепілді қызмет көрсету құқығынан айырады.
▪Аспапты үшкір бұрыштарға соғылудан сақтаңыз.
▪Жинақтың құрамына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану сізді кепілді
қызмет көрсету құқығыңыздан айырады.
▪Біліктілігі жоқ жөндеу пайдаланушыға тікелей қауіп төндіреді.
▪Аспапты өз бетінше жөндемеңіз. Жөндеуді тек сервистік орталықтың білікті
мамандары жүргізуі керек.
▪Аспапты жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылуы мүмкін.
Назар
аударыңыз!
Аспапты
ванналар,
шұңғылшалар
немесе
сумен
толтырылған басқа ыдыстар маңында пайдаланбаңыз.
2
3
1
4
17