Текст страницы
Өндіруші келесі жағдайларда кепілдік міндеттемелерге ие болмайды:
• Кепілдік мерзімі аяқталды.
• Егер жеке (тұрмыстық, отбасылық) қажеттіліктерге арналған бұйым кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ оның тікелей міндетіне сәйкес келмейтін
басқа мақсаттарда пайдаланылған болса.
• Өндіруші бұйымды пайдалану кезінде пайдаланушы нұсқаулығының талапта-
рын бұзу, бұйымды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі ұсынымдарды,
қосу ережелерін (бұйымның өзіне де, онымен байланысты бұйымдарға да сәй-
кес келмейтін желілік кернеудің әсері нәтижесінде туындаған қысқа тұйықталу-
лар), бұйымды сақтау және тасымалдау кезінде өнім иесі және/немесе үшінші
тұлғалар шеккен ықтимал материалдық, моральдық және өзге де зиян үшін жа-
уапты болмайды.
• Механикалық зақымданудың барлық жағдайлары: өнімді пайдалану кезінде
алынған сызаттар, жарықтар, деформациялар, соққы іздері, майысулар, кептелі-
стер және т.б.
• Түрлендірулерді, рұқсат етілмеген жөндеулерді осындай жұмыстарды жүргізуге
уәкілетті емес адамдар жүргізген жағдайлар. Егер ақаулық конструкцияны неме-
се бұйымның сұлбасын өзгерту, Өндіруші қарастырмаған сыртқы құрылғылар-
ды қосу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай сәйкестік сертификаты
жоқ құрылғыны пайдалану салдарынан туындаған болса.
• Егер бұйымның ақауы еңсерілмейтін күштің әсерінен (табиғи элементтер, өрт,
су тасқыны, жер сілкінісі, тұрмыстық факторлар және Өндірушіге тәуелді емес
басқа жағдайлар) немесе Өндіруші болжай алмаған үшінші тұлғалардың әрекет-
терінен туындаса. Бұйымның толық немесе ішінара істен шығуына алып келген
бұйымның ішіне бөгде заттардың, өзге денелердің, заттектердің, сұйықтықтар-
дың, жәндіктердің немесе жануарлардың түсуінен, агрессивті ортаның әсері-
нен, жоғары ылғалдылықтан, жоғары температуралардан туындаған ақау.
• Бұйымды сәйкестендіру (сериялық нөмірі) жоқ немесе сәйкес келмейді. Егер
зақымданулар (кемшіліктер) зиянды бағдарламалық қамтаманың; БЖ ұсы-
нушысының осы қызметті ұсынбауына байланысты мүмкіндігінсіз бұйымның
бағдарламалық ресурстарына қолжетімділіктің болмауына әкеп соққан құпи-
ясөздерді (кодтарды) оларды жинау/қалпына келтіру мүмкіндігінсіз орнату, ауы-
стыру немесе жою әсерінен туындаса.
• Егер жұмыстың ақаулықтары қуат беруші, кәбілдік, телекоммуникаци-
ялық желілердің, радиосигнал қуатының стандарттарға немесе техникалық ре-
гламенттеріне сәйкес келмеуінен, оның ішінде бедер ерекшеліктерінен және
басқа да осыған ұқсас сыртқы факторлардан, бұйымның желі әрекет ететін ше-
карада немесе аймақтан тыс жерде пайдаланылуынан туындаған болса.
• Егер зақымданулар стандартты емес (түпнұсқалық емес) және/немесе сапасыз
(зақымданған) шығыс материалдарын, керек-жарақтарды, қосалқы бөлшек-
терді, қуат беру элементтерін, әртүрлі үлгідегі ақпарат тасымалдағыштарды (CD,
DVD дискілерді, жад карталарын, SIM карталарын, картридждерді қоса алғанда)
пайдаланудан туындаса.
• Егер кемшіліктер үйлесімсіз контентті (әуендерді, графиканы, бейне және басқа
файлдарды, Java қосымшаларын және оларға ұқсас бағдарламаларды) алуға,
орнатуға және пайдалануға байланысты туындаған болса.
• Осы бұйыммен жанасып жұмыс істейтін басқа жабдыққа келтірілген залалға.