Текст страницы
Кепілдік талоны
SN/IMEI:
Кепілдікке қойылған күні:
Өндіруші бүкіл кепілдік мерзімі ішінде құрылғының үздіксіз жұмыс істейтініне,
сондай-ақ материалдар мен құрастырымда ақаулар болмайтынына кепілдік
береді. Кепілдік мерзімі бұйым сатып алынған сәттен бастап есептеледі және
жаңа өнімдерге ғана қолданылады.
Кепілдікті қызмет көрсету бұйым пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес пайдала-
нылған жағдайда, кепілдік мерзімі ішінде тұтынушының кінәсінсіз істен шыққан
элементтерді тегін жөндеуді немесе ауыстыруды қамтиды. Элементтерді жөн-
деу немесе ауыстыру уәкілетті сервис орталықтарының аумағында жүргізіледі.
Кепілдік мерзімі: 12 ай.
Пайдалану мерзімі: 12 ай.
Сервистік орталықтардың өзекті тізімі келесі мекенжай бойынша:
https://www.dns-shop.kz/service-center/
Кепілдік міндеттемелер және тегін сервистік қызмет көрсету, егер олар-
ды ауыстыру бұйымды бөлшектеуге байланысты болмаса, тауардың жиын-
тықтылығына кіретін, төменде аталған керек-жарақтарға қолданылмайды:
• ҚБП (қашықтықтан басқару пульті) үшін қуат элементтері (батареялары).
• Жалғағыш кәбілдер, антенналар және оларға арналған ауыстырғыштар,
құлаққаптар,
микрофондар,
«HANDS-FREE»
құрылғылары;
жиын-
тықта жеткізілетін әртүрлі типтегі ақпарат тасығыштар, бағдарламалық жа-
сақтама (БЖ) және драйверлер (бұйымның қатқыл магниттік дискілеріндегі
жинақтағышқа алдын ала орнатылған БЖ қоса алғанда, бірақ онымен шек-
телмей), сыртқы енгізу-шығару құрылғылары және манипуляторлар.
• Қаптамалар, сөмкелер, белдіктер, тасымалдауға арналған баулар, монтаж-
дық құрылғылар, құралдар, бұйымға қоса берілетін құжаттама.
• Табиғи тозуға ұшырайтын шығын материалдары мен бөлшектер.