Текст страницы
IM2024
Ауатартатын саңылаулар (жылуалмасқыштар)
Тазалау үшін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Корпус
Сыртқы бедерін дымқыл шүберекпен сүртіңіз де жұмсақ құрғақ шүберекпен сүртіп
тастаңыз.
Сақталуы
1: Төмен жылдамдықта желдету режимін қосыңыз, құбыр құрғағанша аспапты біраз
уақытқа қалдырыңыз. Бұл корпустың ішін құрғақ күйде ұстау және көгерудің алдын
алу үшін қажет болады.
2: Аспапты сөндіріңіз де, розеткадан айырды суырып тастаңыз.
3: Құбырын шешіп алыңыз.
4: Кондиционерді полиэтилен пакетпен жауып, құрғақ жерге тығып қойыңыз.
5: Қашықтан басқару пультіндегі батареяларын суырып алыңыз да, оларды тиісті
тәртіппен сақтауға қойыңыз.
Тазалау
1. Кондиционерді тазалау кезінде бензинді, еріткіштерді және басқа химиялық
белсенді құралдарды пайдаланбаңыз.
2. Электр тогының соғуын және электр компоненттерінің зақымдануын болдырмау
үшін кондиционерге краннан немесе шлангтан су құймаңыз.
3. Электрмен қуаттайтын кәбілі бүлінген шақта кондиционерді пайдаланушы
болмаңыз. Бүлінген кәбілді айырбастау мәселесі бойынша авторизацияланған
сервистік орталыққа жүгініңіз.
Ауа сүзгісі
Ауа сүзгісінің шаң бөлшектерімен бітелуі кондиционердің тиімділігін төмендетіп
жібереді, сондықтан сүзгіні кем дегенде екі аптада бір рет тазалап отырыңыз.
100