Текст страницы
Ескерту:
Aлиса көмегімен смарт технологияны басқаруға арналған дауыстық пәрмендердің
саны шектеулі. Home intellect қолданбасына жаңа құрылғыларды қосқанда,
Алисадағы құрылғылар тізімін жаңарту қажет. Мұны істеу үшін құрылғы
интерфейсіндегі + түймесін басыңыз, содан кейін құрылғыны қосыңыз, тізімнен
Home Intellect тармағын таңдаңыз, содан кейін құрылғылар тізімін жаңарту
түймесін басыңыз.
11. КҮТІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты тазалаудың алдынан оны электр желісінен
ажыратып тастаңыз.
Конденсацияланумен жұмыс жасау кезіндегі нұсқаулық
1. Бакты конденсациямен толтырған кезде кондиционерді өшіріп, электр қуатын
өшіру керек.
Ескеру: корпустың түбіне су ағып кетпеуі үшін аспапты абайлап жылжытыңыз.
2. Конденсатты ағызу үшін корпустың артқы жағында орналасқан су шығаратын
саңылаудың астына су контейнерін орнатыңыз.
3. Суды ағызатын саңылаудың қақпағын бұрап ашып, суға арналған тығынды
суырып алыңыз да суын ағызып тастаңыз.
Ескерту:
1. Суды ағызатын саңылаудың қақпағын және де суға арналған тығынды тиісті
тәртіппен ұстап тұрыңыз.
2. Суды ағызған кезде корпусты сәл артқа қарай шалқақтатуға болады.
Ескерту: Егер су контейнері кондиционерден барлық конденсатты сыймаса,
еденге судың төгілуіне жол бермеу үшін су төгетін тесікті мүмкіндігінше тезірек
тығынымен жабыңыз.
4. Конденсат аспаптан ағызылып болған кезде, суға арналған тығынды ағызатын
саңылауға қайтадан орнықтырып қойыңыз, содан кейін ағызатын саңылаудың
қақпағын бұрап жауып қойыңыз.
Ескерту: Еденге конденсаттың төгілуіне жол бермеу үшін су қосқышты және су
төгетін тесіктің қақпағын орнатқаннан кейін ғана аспаптың жұмысын
жалғастырыңыз.
Сүзгіні тазалау
Сүзгіні тазарту үшін оны жұмсақ жуғыш затпен жылы суға салыңыз (температурасы
шамамен 40°C), оны шайыңыз және кірді кетіріңіз. Сүзгіні кондиционерге орнатпас
бұрын, оны күн сәулесінің тікелей түсуіне жол бермей құрғату керек.
99