Текст страницы
IM018
Аккумуляторды зарядтау үшін машинканы өшіріңіз де, машинканы электр желісіне қорек сымы
арқылы қосыңыз. Сол кезде жарық индикаторы жанады.
Аккумуляторды зарядтағаннан кейін машинканы электр желісінен ажыратыңыз. Машинка
жұмысқа дайын.
ЖҰМЫСЫ
Машинканы зарядталған аккумулятордан да, сондай-ақ электр желісінен де пайдалануға
болады.
Алмалы тарақтардың біреуін алыңыз да, бағыттауыштарды тиісті ойықтарға кіргізіп, сырт етіп
түскенше еппен жылжытыңыз.
Машинканың артқы жағында орналасқан қиылатын шаштың реттегіші арқылы қажетті ұзындықты
орнатыңыз. Қажетті ұзындықтың саны корпустағы белгімен сәйкес келгенге дейін реттегішті
айналдырыңыз.
Машинканы қосу үшін қосқышты жоғары қарай итеріңіз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін қосқышты төмен қарай итеріп, машинканы сөндіріңіз.
Сондай-ақ машинкамен тарақсыз жұмыс істеуге де болады.
ШАШТЫ СИРЕТУ ФУНКЦИЯСЫ
Жүздері шашты сирету функциясын қамтамасыз етеді және шаш қырқу сапасын жақсартады.
Шашты сирете қырқу шаштың ұзындығы әр түрлі тұлымдарының бір біріне біртіндеп ауысуын
қамтамасыз етеді. Бұл орайда жүздері шашты қысқартпастан оның көлемін азайтады.
ЖҮЗДЕРІН ОРНАТУ
Аспаптың жүздерін ағытып алу үшін басыңыз да, жүздерін алға қарай тартыңыз.
Жүздерді қайтадан орнату үшін оларды орнына салыңыз да, сырт етіп түскенше қысыңыз.
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Шашты құрғақ күйде қырыққан дұрыс.
Шашты қырқар алдында жақсылап тарап алыңыз.
Шашты аз-аздан біртіндеп алып отырыңыз.
Шаш біркелкі қырқылуы үшін машинка шашты қырқып үлгермей жатып оны жылдам жүргізбеңіз.
Шашты қырқу кезінде қырқылған шашты тарақпен жиірек тарап түсіріп отырыңыз.
Машинканың көмегімен шаш қырқу тәсілдері 1-суретте көрсетілген.
БАТАРЕЯНЫ ТАСТАУ
Батареяны қоқысқа тастардан бұрын оны аспаптан шығарып алу керек.
Шашты сирететін пышақты тартып шығару үшін сиреткіш пышақты шығаруға арналған түймені
жылжытыңыз.
ТАЗАЛАУ
Машинканың ұзақ уақыт әрі сенімді жұмыс істеуі үшін әр шаш қырықққан сайын жүздерін арнайы
маймен үнемі майлап отырған дұрыс.
Маймен сылағаннан кейін жүздерінің арасында майдың біркелкі таралуы үшін машинканы
өшіріңіз де, олардың біркелкі жүрісін тексеріңіз. Шыққан майды сүртіп алыңыз.
Майлау үшін шашқа арналған майды, тоңмайларды және керосин немесе басқа еріткіштер
қосылған майларды қолдануға болмайды.
Машинканы өшіріңіз де, электр желісінен ағытыңыз.
Жүздері мен машинканы қоса берілетін шөткенің көмегімен шаштан тазартыңыз.
Корпусын құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
САҚТАЛУЫ
Машинканы құрғақ жерде сақтау керек.
Жүздерін міндетті түрде майлап қою керек.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған
электрлік және электрондық бұйымдар мен батарейкалар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге
шығарылмауы керек дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару
органдарына хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс
шығармау салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің
алдын алуға көмектеседі.
www.scarlett.ru
SC-HC63C57
10