Инструкция машинка для стрижки Scarlett SC-HC63C57

Страница 9 (стр. 9 из 20)

Бренд: Scarlett

Страница 9 документа Машинка для стрижки Scarlett SC-HC63C57. Раздел: Машинки для стрижки волос. Бренд: Scarlett.

Текст страницы

IM018

KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
 Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің

компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында
суреттелген техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің
өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
 SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және

іске пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның
қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған
шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен
айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
 Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде

сақтаңыз.
 Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың электр

желісінің параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
 Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Құрал

өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
 Жайдан тыс қолданылмайды.
 Су өткізбейтін корпусы болғандықтан, шаш қырқатын машинканы душ кабинасында немесе

жуынатын бөлмеде пайдалануға болады. Бірақ бұл үшін аспап электр желісіне қосылмаған
болуы керек.
 Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға

батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр жүйесінен дереу
сөндіріп тастаңыз және сервис орталығына тексертіңіз.
 Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін

тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың
бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
 Құралмен ойнауға балаларға рұқсат бермеңіз.
 Қараусыз қосылған құралды қалдырмаңыздар.
 Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
 Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
 Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы

сервис орталығына апарыңыз.
 Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
 Мәшіңкені жуынғышқа және т.б. құлап түсуі мүмкін орындарға қоймаңыз және сақтамаңыз.
 Қоректену бауынан тартпаңыз, оны ширатпаңыз және құрылғының тұлғасын айнала орамаңыз.
 Бұйымның тұлғасындағы тесіктерге бөтен заттардың және кез келген сұйықтықтардың кіруіне

жол бермеңіз.
 Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқайда қоймаңыз, өйткені бұл зақым тигізуі немесе заттық

залал келтіруі мүмкін.
 Тарақтарының немесе үшкірлерінің біреуі бүлінген мәшіңкені пайдаланбаңыз – бұл зақымдалуға

әкелуі мүмкін.
 Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем

дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
НАЗАР: АЛМАСТАРЫ ҰДАЙЫ МАЙЛАҢЫЗ.
 Тері бөріткенде мәшіңкені пайдаланбаңыз.
 Жәндіктерді мәшіңкемен қырықпаңыз.
 Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер

етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
 Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
 Бірінші рет пайдаланардан бұрын машинканың кескіш жүздерін жақсылап майлау қажет.
 Алғаш рет іске қосар алдында аккумулятордың зарядын толық тауысып, қайтадан зарядтау

қажет.
 Зарядтау уақыты 8 сағатты құрайды.
 Аккумулятордың толық заряды 45 минут жұмыс істеуге жетеді.
 Тіпті машинка пайдаланылмайтын болса да, батареяны кем дегенде 6 айда бір рет қайта

зарядтаңыз.

www.scarlett.ru
SC-HC63C57
9

Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

Aceline HC-0120YXBB

16 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

Aceline HC-0120YXBB

16 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

DEXP DHC-87B

12 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

DEXP DHC-87B

12 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

DEXP HC-0130RB

8 стр.