Текст страницы
ҮСТЕЛДІҢ АЛДЫҢҒЫ ТАҚТАЙЫН ОРНАТУ
Барлық қаптама материалдарын және аксессуарларды шешіңіз. Пешті опырылу
немесе сынған есікше сияқты зақымдануларға тексеріңіз. Егер пеш бүлінген
болса, оны орнатпаңыз.
Шкаф: Микротолқынды пештің корпусының беткі қабатындағы қорғаныс
қабықшаны алып тастаңыз.
Магнетронды қорғау үшін пештің қуысына бекітілген ақшыл-қоңыр слюда
қақпағын шешпеңіз.
Орнату
1. Кіріс және/немесе шығыс желдеткіш саңылауларға арналған жеткілікті ашық
кеңістікті қамтамасыз ететін тегіс беткі қабатты таңдаңыз.
30 см
0 см
20 см
20 см
кем дегенде
85 см
(1) Ең төмен орнату биіктігі — 85 см.
(2) Аспаптың артқы беткі қабаты қабырғаға жанасуы тиіс.
Пештің үстінде 30 см ең аз бос кеңістікті қалдырыңыз, ал пеш пен іргелес
қабырғалар арасында 20 см ең аз қашықтығын қалдыру қажет.
(3) Пештің түбіндегі аяқтарды алмаңыз.
(4) Кіріс және/немесе шығыс желдеткіш саңылаулардың бұғатталуы пешті
зақымдай алады.
(5) Пешті радиоқабылдағыштан және теледидардан алшақ орнатыңыз.
Микротолқынды пештің жұмысы радио немесе телевизиялық сигналдарды
қабылдау үшін кедергілер тудыруы мүмкін.
2. Пешті стандартты тұрмыстық қуат розеткасына жалғаңыз. Желінің кернеуі
мен жиілігі паспорт тақтайшасында көрсетілген кернеуге және жиілікке сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ!
Пешті плитаның немесе басқа жылыту аспабының үстіне
орнатпаңыз. Жылу көзінің жанына немесе оның үстіне
орнатқан кезде пеш зақымдалуы мүмкін және бұл жағдайда
сервистік кепілдіктің күші жойылады.
Пештің жұмысы кезінде ұстай алатын беткі қабат ыстық
болуы мүмкін.
31