Текст страницы
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1. Сағатты орнату
Микротолқынды пеш желіге қосылғанда, дисплейде «0:00» көрсетіледі, бір
реттік дыбыстық сигнал естіледі.
1) «Сағат/Таймер» түймесін басыңыз, сағат саны жанып-сөнеді;
2) Сағаттың мәнін өзгерту үшін
тұтқасын бұрыңыз және 0-ден 23-ке дейінгі
мәнді таңдаңыз.
3) «Сағат/Таймер» түймесін басыңыз, минут сандары жанып-сөне бастайды.
4) Минуттың мәнін өзгерту үшін
тұтқасын бұрыңыз және 0-ден 59-ға дейінгі
мәнді таңдаңыз.
5) Сағатты орнатуды аяқтау үшін «Сағат/Таймер» түймесін басыңыз. «:»
таңбасы жанып-сөнеді.
Ескерту
1) Егер сағат орнатылмаған болса, қуат көзі қосылғанда олар
жұмыс істемейтін болады.
2) Сағатты орнату процесінде, егер 1 минут ішінде іске қосылу
сигналы берілмесе, пеш автоматты түрде алдыңғы күйіне
қайтарылады.
2. Асүй таймері
1) Екі рет «Сағат/Таймер» басыңыз, 00:00 көрсетіледі;
2) Уақытты орнату үшін «
» бұрыңыз, ең көп мән — 95:00.
3) Кері санақты бастау үшін «Сағат/Таймер» басыңыз.
3. Микротолқынды пеште тағам дайындау
1) Бір рет «Микро./Гриль/Комби.» түймесін басыңыз, дисплейде «P100» пайда
болады.
2) Микротолқынды пештің қуатын таңдау үшін «Микро./Гриль/Комби.»
түймесін бірнеше рет басыңыз немесе «
» тұтқасын айналдырыңыз —
«Р100», «Р80», «P50», «P30», «P10» мәндері рет бойынша көрсетіледі.
3) Растау үшін «Іске қосу/+30сек./Растау» басыңыз.
4) Тағамды дайындау уақытын реттеу үшін «
» бұрыңыз (Ең көп мән — 95:00).
5) Тағам дайындауды бастау үшін «Іске қосу/+30сек./Растау» түймесін
басыңыз.
33