Инструкция мойка высокого давления Elitech М 1600РП

Страница 40 (стр. 40 из 76)

Бренд: Elitech

Страница 40 документа Мойка высокого давления Elitech М 1600РП. Раздел: Мойки высокого давления и оснастка. Бренд: Elitech.

Текст страницы

1.МАҚСАТЫ
Жоғарғы қысымды жуғыш құралы автомобильдер мен кез-келген басқа
техниканы, террассаларды, тротуар мен қасбеттік плиткаларды, ғимараттардың
қасбеттерін жууға, сондай-ақ жаңбыр суын тазартуға арналған.
Жуу құралы тек механикалық қоспасыз таза сумен жұмыс істеуі керек. Көбік гене­
раторын қолдану арқылы контактісіз жуу үшін осы мақсаттарға арналған арнайы
жуғыш-көбік заттары қолданылады.
Химиялық заттарды, реагенттерді, пестицидтерді, гербицидтерді және басқа хи­
миялық заттарды шашу үшін пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Elitech жуғыш құралы суды өзі сора алады, және суды су құбырынан да, су ыды­
сынан да сорып тарта алады.

2. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Жуғыш құралдың электр ашасы электр розеткасына сәйкес келуі керек. Жуғыш
құралдың кернеуі розеткадағы кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
- Жуғыш құралдың қуат сымының электр ашасының түрі розетка түріне сәйкес
келуі керек.
- Қауіпсіздік мақсатында Жуғыш құралдың электр желісіне қосу кезінде тиісті но­
миналды қорғаныс ажырату құрылғысы бар және максималды тоқ ағымы 30 мА
болатын жағдайда ғана қосуға болады.
- Электр жүйесінен немесе розеткадан ажырату кезінде Жуғыш қүралдың қуат сы­
мынан тартып ажыратуға болмайды.
- Қызып кетпес үшін қуат кабелін толығымен босатып тарқатып алу керек.
- Электр кабелі тарқатылмай, бір біріне жабысып қалмау керек. Электр кабелін
ыстық құрылғыларына, өткір жиектерге, майға және оның зақымдалуына әкелуі
мүмкін қозғалмалы бөлшектерге жақын қоймаңыз.
- Әр қолданар алдында желілік ашасы бар қуат сымының зақымдануын тексеріңіз.
Егер қуат сымы, жоғары қысымды шланг, пистолет зақымдалған болса жуғыш
құралды пайдаланбаңыз. Жұмыс аймағындағы барлық тоқ өткізгіш бөліктер су
ағынынан қорғалған болу керек.
- Ұзартқышты пайдаланған кезде ұзартқыштың ұзындығын және сымдардың қима­
сын ескеріңіз. 1-10м: 1-1,5 мм2, 10-30м: 2,5 мм2
- Ұзартқыш кабельдің желілік ашасы мен муфтасы судан қорғайтын құрылғысы
бар болу керек. Олар ешқандай жағдайда суға тимеу керек. Сонымен қатар, муф­
та ешқашан жерде жатпау керек.
- Ылғал қолмен ешқашан қуат ашасы мен розеткаға қол тигізбеңіз.
- Жуғыш құрылғының қозғалтқышы жұмыс кезінде ұшқын тудырады. Жарылғыш
ортада жуғыш құралды пайдалануға тыйым салынады.
- Жуғыш құралдың су ағыны жоғары қысыммен шығады. Су ағының адамдар мен
жануарларға бағыттамаңыз.
Жұмысты бастамас бұрын, судың қатты ағыны жуғыңыз келетін бетке зақым кел­
тірмейтініне көз жеткізіңіз.

40