Инструкция мойка высокого давления Elitech М 1600РП

Страница 41 (стр. 41 из 76)

Бренд: Elitech

Страница 41 документа Мойка высокого давления Elitech М 1600РП. Раздел: Мойки высокого давления и оснастка. Бренд: Elitech.

Текст страницы

- Жоғары қысымды саптамадан шығатын су ағыны бүріккіш пистолетке әсер етіп
артқа итеретінін ұмытпаңыз. Аяғыңызға мықтап тұрғаныңызға көз жеткізіңіз, со­
нымен қатар бүріккіш пистолетті мықтап ұстаңыз. Жуғыш құрал жұмыс істеп тұрған
кезде оны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
- Жуғыш құралды балалар немесе оны қалай пайдалану туралы білім алмаған
қызметкерлер пайдаланбауы керек.
- Жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз (көзілдірік, аяқ киім және киім).
- Саптамаларды реттеу немесе ауыстыру алдында жуғыш құралы қуат көзінен
ажыратыңыз.
- Шаршаған, мас күйінде немесе сақтық әрекеттерді төмендететін дәрі-дәрмек­
терді қабылдағаннан кейін жуғыш құралды пайдаланбаңыз.
- Жуғыш құралмен жұмыс істеп жатқанда аяғыңызға нық тұру керек. Баспалдақты
(сатты) пайдаланған кезде оның сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Мүмкін болса,
Сізді сақтандыра алатын көмекшімен бірге жұмыс жасаңыз.
- Жуғыш құрал таза сумен жұмыс істеуге арналған. Лас су немесе механикалық
қоспалары бар су жуу ресурсын азайтады және оның бұзылуына әкеледі. Осы
жағдай біздің кепілдік міндеттерімізге жатпайды. Су қоймаларынан су алу кезінде
сорғыш шлангқа жұқа сүзгіні орнатыңыз.
- Жуғыш құралды қоршаған ауаның температурасы минус кезінде помпа ішінде су­
мен қалдырмаңыз. Жуғыш құралдың ішінде су қатып қалған жағдайда ол бұзылып
қалады. Осы жағдай біздің кепілдік міндеттерімізге жатпайды.
- Жуғыш құрал тік тұрған жағдайда жұмыс істейді. Жуғыш құралдмен тік емес күй­
де жұмыс істеуге тыйым салынады.
- Қоршаған ауаның температурасы минус болса жуғыш құралды пайдалануға тый­
ым салынады. Бұл ішінде су қатып қалуына және сорғының істен шығуына әкелуі
мүмкін. Осы жағдай біздің кепілдік міндеттерімізге жатпайды.
- Жоғары қысымды шлангты жуғыш құралдан ажыратпас бұрын қалдық қысымды
босатыңыз.
- Жуғыш құралдың құрылымына өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Жөндеу
жұмыстары тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолдана отырып, Elitech уәкілетті
қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі керек.
- Тек Elitech саймандарын және бөлшектерін қолданыңыз.
Шекті күй өлшемдері
Назар аударыңыз! Егер бұл өнім жұмыс істеп тұрған кезде бөгде шу
пайда болса, электр кабелінің оқшаулағышы зақымдалса, корпус механикалық
зақымқа ие болса, жуғыш құралды дереу өшіріп, ақаулықтарды жою үшін уәкілетті
қызмет көрсету Орталығына хабарласу қажет

41