Инструкция мойка высокого давления Elitech М 1600РП

Страница 47 (стр. 47 из 76)

Бренд: Elitech

Страница 47 документа Мойка высокого давления Elitech М 1600РП. Раздел: Мойки высокого давления и оснастка. Бренд: Elitech.

Текст страницы

орнатасыз. Дұрыс орнатылғанда дыбыс (щелчок) шығады. Шлангты пистолетке
бұрандалы қосылымымен жалғайтын модель үшін шланг гайкасын пистолеттің қо­
сылатын жеріне кіргізіп қолмен оңға қарай мықтылап бұрап кіргізу қажет.
5. Жоғары қысымды шлангты шығыс штуцеріне 10 қосыңыз (1, 2 сурет). Ол үшін
жоғары қысымды шлангты толығымен босатып тарқатыңыз. Шлангтың еш жерде
бүгілмегеніне көз жеткізіңіз (6-сурет).
6. Сорғыш шлангты жуғыш құралдың кіріс штуцеріне 4 қосыңыз (1, 2, 3 сурет).
Сорғыш шлангка арнап жуғыш құралдың штуцеріне кіріктірілген су сүзгісі бар жыл­
дам босатылатын коннекторды орнатыңыз (7-сурет). Сорғыш шлангқа (ішкі диаме­
трі 3/4» (19 мм) жылдам ажыратылатын ұластырғышты 3/4» шлангқа орнатыңыз
және сорғыш шлангты орнатылған жылдам ажыратылатын коннекторі арқылы
Жуғыш құралға қосыңыз (8-сурет).
Назар аударыңыз! Жуғыш құралды қолдану кезінде суды тазарту сүзгі
қолданбаған жағдайда ол құралдың помпасы тез бұзылады. Осы жағдайда біз ке­
пілдік бермейміз.
7. Пистолеттің ұстағышын Жуғыш құралдың сол жағына орнатыңыз (9-сурет).
8. Жуғыш құралдың оң жағына қуат кабелінің ұстағышын орнатыңыз (10-сурет).
9. 4 бұранданы пайдаланып Жуғыш құралға жоғары қысымды шланг катушкасын
бекітіңіз (11-сурет) (тек катушкамен жабдықталған модельдер үшін).

7. ПАЙДАЛАНУ
Ескерту! Жуғыш құрал Су жүйесіне (су құбырына) қосылып немесе Өздігі­
нен сору режимінде жұмыс істей алады.
Су құбырына қосылған Жуғыш құрал
Назар аударыңыз! Жуғыш құралдың кіреберісіндегі судың (кіретін су)
рұқсат етілген шекті қысымы 10 бардан аспауы керек, ал судың температурасы
50°С-тан аспауы керек.
Сорғыш шлангты су құбырына қосыңыз. Шлангтың ұсынылатын ұзындығы 25 ме­
трге дейін. Судың кранын ашыңыз.
Назар аударыңыз! Шлангтың ішінде құм немесе топырақ жоқ екеніне көз жет­
кізіңіз. Жуғыш құралға құм, топырақ кірмеу үшін шлангті алдын ала ішіне су өткізіп
жуып алыңыз, содан кейін Жуғыш құралға қосыңыз.
Өздігінен сору режимінде жұмыс жасау
Жуғыш құрал резервуарлар мен ашық су қоймаларынан суды сору режимінде жұ­
мыс істей алады.
Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:
- жуғыш құрал орнатылған жер су бетінен 0,5 метрден аспауы керек.
- сору шлангінің ұзындығы диаметрі 3/4 дюйм болу керек және ұзындығы 2 метр­
ден аспауы керек.
- сорғыш шланг серпімді (созылмалы) болуы керек.
- сорғыш шлангтың соңында өрескел сүзгісі бар суды тазарту клапаны орнатылуы
керек.

47