Инструкция мойка высокого давления Elitech М 1600РП

Страница 49 (стр. 49 из 76)

Бренд: Elitech

Страница 49 документа Мойка высокого давления Elitech М 1600РП. Раздел: Мойки высокого давления и оснастка. Бренд: Elitech.

Текст страницы

көбік генераторынан шыққан кезде көбік болып шығады.
Көбік жуылатын бетке жағылады және көбік жағылғаннан кейін оның «әсері жақсы
болу үшін» біраз уақытқа қалдырылады. Көбіктің «жұмыс уақыты» сусабын қапта­
масында көрсетілген. Содан кейін көбікті көп мөлшердегі сумен жуып шаю қажет.

13-сурет

8.ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Назар аударыңыз! Техникалық қызмет көрсетуден бұрын жуғыш құралды
электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Әр жұмыс аяқталғаннан кейін жуғыш құралдың корпусын және желдеткіш саңы­
лауларды кір мен шаңнан жұмсақ щеткамен немесе қатты ауамен тазалау керек.
Қатып қалған лас кірді жуу үшін сабын араласқан суға малынған жұмсақ дымқыл
шүберекпен сүрту керек. Кірді кетіру үшін химиялық заттар, бензин, спирт және т.б.
еріткіштерді қолдануға болмайды. Химиялық заттар Жуғыш құралдың корпусына
зақым келтіруі мүмкін.
Жуғыш құралдың кіреберісіне орнатылған су тазарту сүзгісін жиі-жиі тазалап
жүріңіз. Сүзгіні тазарту үшін су ағынын немесе жұмсақ щетканы қолданыңыз
(14-сурет).
Егер пистолеттің саптамасы кірмен бітеліп қалса, оны арнайы инемен тазалаңыз
(жинақта бар) (15-сурет)
Жуғыш құралдың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін жөндеу неме­
се реттеу жұмыстарын Elitech уәкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі
керек.

14-сурет
15-сурет

49