Текст страницы
34
KZ
ЕТТАРТҚЫШТЫ ҚОСУ
Еттартқышты өшіру
Күту тәртібі
• Еттартқыш қацй тәртіпте тұрғанына қарамастан,
сіз оны қосу/өшіру түймесін (16) «
» басып, өшіре
аласыз, осы кезде еттартқыш өшеді, дисплей (15)
өшеді, түйме (16) «
» қызыл түспен жанып-өшеді.
Реверс қызметі
• Қуаттау бауының айырын электрлік розеткаға
салыңыз, осы кезде дыбыстық белгі беріледі,
дисплейде (15) «888» сандық белгілері көрі-
неді, еттартқышты қосу/өшіру түймесі (16) «
»
қызыл түспен жанады, еттартқыш күту тәртібінде
болады.
Еттартқышты қосу және жылдамдықты таңдау
• Қосу/өшіру түймесін (16) «
» басыңыз, осы кезде
түйменің (16) көмескі жарығы «
» ақ түспен жана-
ды, дисплейде (15) «P00» белгілері беріледі.
Ескертпе: егер 30 секунд ішінде ешқандай әрекет
болмаса, онда еттартқыш күту тәртібіне өтеді,
еттартқышты қосу/өшіру түймесінің (16) көмескі
жарығы «
» қызыл түспен жанады.
• Егер жұмыс кезінде «кептеліс» пайда болса, онда
оны кетіру үшін реверс қызметін (иірмекті кері
айналдыруды) қолданыңыз.
• Тұтқаны (14) сағат тіліне қарсы бұраңыз, дисплей-
де (15) «P00» белгісі пайда болады, тұтқаны (14)
3 секунд ішінде ұстап тұрыңыз, еттартқыш реверс
тәртібінде қосылады және 2 секунд бойы істейді,
одан кейін күту тәртібіне өтеді.
Ескертпе: жұмыс тәртібінен реверс қызметіне көш-
кен кезде еттартқыш 3 секундқа тоқтайды, одан кейін
реверс тәртібі қосылады.
• Тұтқаны (14) сағат тілі бойынша бұраңыз және ке-
ректі жылдамдықты таңдаңыз, осы кезде дисплей-
де (15) жылдамдықтың «P01-----P06» белгілері
беріледі, еттартқыш қосылады және таңдалған
жылдамдықта жұмыс істейді.
• Еттартқыштың үздіксіз жұмыс істейтін уақыты – 15
минут, одан кейін еттартқыш автоматты түрде
өшеді және күту тәртібіне өтеді, 15 минуттан кем
емес үзіліс жасаңыз, одан кейін жұмысты жалға-
стыруға болады.
• Ұсыныстар:
-
Мұздатылған етті толық еріту қажет. Етті өңдеу
процесін жақсарту үшін оны жолақтармен
(20х20х60 мм) немесе текшелермен (20х20х20
мм) кесіңіз.
-
Жұмыс істеген кезде жеткізілім жиынтығына
кіретін итергішті (5) ғана пайдаланыңыз. Етті
немесе басқа өнімдерді итеру үшін аса көп күш
жұмсамаңыз.
-
Етті қолмен немесе басқа заттармен итеруге
тыйым салынады.