Текст страницы
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтап
қойыңыз.
• Ет тартқышта қатты өнімдерді ұсақтамаңыз.
Етті сүйектен, шеміршектен, сіңірлерден және
тамырлардан алдын ала бөліп алыңыз.
• Алғаш қолданар алдында ет тартқыштың барлық
алынбалы бөлшектерін жуыңыз.
• Аталған аспап сенсорлық жүйе мүмкіндіктері
шектеулі немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың (соның ішінде балалардың), сонымен
қатар тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың
пайдалануына арналмаған.
• Ет тартқыш үйде пайдалануға арналған.
• Аспап туралы ақпараты бар нәлді жоймаңыз және
бүлдірмеңіз. Ол ақаулық орын алған жағдайда аспап
ты дәл сәйкестендіру үшін қажет.
• Желіге қосар алдында аспаптың пайдалану жөніндегі
нұсқаулыққа сәйкес жиналғанына көз жеткізіңіз.
• Ет тартқыштың корпусын таза ұстаңыз.
• Тот баспас үшін пышақты және тартылған етке
арналған торларды құрғатып сүрту керек.
• Жұмыс кезінде ет тартқыштың қозғалмалы
бөліктеріне қол тигізбеңіз.
• Тазалау кезінде Тазалау бөлімінде келтірілген
нұсқауларды орындаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған ет тартқышты қараусыз
қалдырмаңыз.
• Тартылған етке арналған торлар, пышақтар, шұжық
шаларға арналған қондырмалар мен иірлік табиғи
тозады, пайдалану мерзімі пайдаланудың жиілігі мен
ұқыптылығына байланысты.
• Бұйымды тек қана зауыттық қаптамада, сонымен
қатар бекітілген күйінде тасымалдауға болады.
• Аспап корпусына бөгде заттардың және
сұйықтықтың түсуіне жол бермеңіз, бұл оның
бұзылуына әкелуі мүмкін.
• Ет тартқышты тек құрғақ, тегіс бетке орнатыңыз.
• Ет тартқышқа киім заттарының, шаштың, саусақтар
дың және т.б. түсуіне жол бермеңіз. Бұл денсаулыққа
қауіпті болуы мүмкін.
• Құрылғыны ол сатылатын елдің заңнамасының
талаптарын сақтай отырып және оларға сәйкес
кәдеге жаратыңыз.
• Ет тартқышты пайдаланып болған соң, оны жинау,
бөлшектеу, тазалау алдында және оны сақтап қояр
алдында электр желісінен ажыратыңыз.
• Ешқашан қозғалтқышы бар корпусты, желілік
баусымды немесе желілік баусым айырын суға
немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
• Құрылғыны пайдалар алдында электр желісінің
сипаттамалары құрылғының заттаңбасында
көрсетілгендерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Ет тартқыштың жұмысы кезінде өнімдерді
саусақтарыңызбен немесе бөгде заттармен итер
меңіз, жинаққа кіретін итергішті пайдаланыңыз.
• Жұмыс бөлігін және алынбалы бөлшектерді ыдыс
жуғыш машинада жууға болмайды.
• Ет тартқышта тарту үшін мұздатылған өнімдерді
пайдаланбаңыз.
16
17