Текст страницы
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
KK
Құралды алғаш қолданар алдында нұсқаулықты мұқият
оқып шығып, оны сақтап қойыңыз.
• Егер құрал құласа, бүліну белгілері айқын көрініп тұрса
(мысалы, қорғаушы қақпағы) немесе жұмысы дұрыс
болмаса, құралды қолданбаңыз. Ондай жағдайда, қызмет
көрсету орталығына апару қажет.
• Егер қуат сымы бүлінген болса, жарақаттану қаупінің алдын
алу үшін, қызмет көрсету орталығы немесе басқа білікті
маманның көмегімен алмастырып алыңыз.
• Құралды
қолданыстан
тыс
уақытта,
бақылаусыз
қалдырғанда, жөндегенде, бөлшектегенде және жуғанда
әрқашан қуат көзінен ажыратыңыз.
• Ет тартқышты балалар пайдаланбауы тиіс. Құрылғы мен
оның кабелін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Жұмыртқа және қаймақ көпіршіту, көкөністерді үгіту немесе
сығу жұмыстарын 8 жастан төменгі балаларға, егер жанында
қолдану
нұсқауларының
орындалуын
қадағалайтын
ересектер болмаса немесе олар құралды қауіпсіз қолдана
білмесе және қауіпті екенін түсінбесе, қолдануға болмайды.
Құралды жуу және жөндеу жұмыстарын балаларға
орындауға болмайды, егер жанында нұсқаулық беретін
ересектер болмаса немесе балалар 8 жастан кіші болса.
Құрал мен оның сымын 8 жастан төменгі балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Бұл аспапты физикалық және көру-есту мүмкіндіктері
немесе ойлау қабілеті шектеулі адамдар немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдарға жанында бақылайтын адам
болғанда немесе құрылғыны пайдалану жөніндегі сақтық
шаралары туралы нұсқаулықтар беріліп, ықтимал қауіп-
қатер мүмкіндігі түсіндірілгенде ғана қолдануға болады.
• Балаларға құралмен ойнауға және оны ойыншық ретінде
қолдануға болмайтыны жайлы қатаң ескертілуі тиіс.
• Құралды босатқанда немесе жуғанда жүзі бар бөлшектерін
9