Текст страницы
СИПАТТАМА
- Қосу/өшіру/ кері жүріс түймесі
- Қозғалтқыш
- Пышақ
- Шағын тесіктері бар тор (өте майда
етіп тарту)
10. Орташа тесіктері бар тор (майда етіп
KK
тарту)
11. Бекіткіш сақина
12. Шұжықшалар керек-жарағы
a Тұтқа*
3. Босату түймесі
4. Итергіш
5. Алынбалы пластик науа
6. Тұрқы
7. Бұранда
ПАЙДАЛАНУ
Барлық керек-жарақтарды жылы суда және жуу сұйықтығын пайдаланып жуыңыз.
Шайып, жақсылап кептіріңіз. Бұл бөліктерді ыдыс жуу машинасына салмаңыз.
Торларды және пышақтарды майлап тұру керек. Оларға азғантай өсімдік майын
жағыңыз.
Құрылғыны бос кезінде немесе торлар майланбаған болса іске қоспаңыз.
ЕСКЕРТУ! Цилиндр мен конустарды ақырын ұстаңыз, өйткені пышақтар өте өткір.
ПАЙДАЛАНУ: ЕТ ТУРАҒЫШТЫҢ БАСЫ (1 - 9 СУРЕТТЕРІ)
Барлық сүйектерді, шеміршекті, теріні, сіңірлерді алып тастап, тартқыңыз келетін бүкіл
тамақты дайындаңыз. Тарту алдында мұздатылған тамақты толығымен ерітіңіз.
Етті бөліктерге (шамамен 2 см x 2 см) кесіңіз.
Кеңес:тартуды аяқтағаннан кейін бүкіл тартылған етті шығару үшін құралға нанның
бірнеше бөлігін салыңыз.
Тұрып қалу жағдайында не істеу керек?
Тартқышты қосу/өшіру түймесіндегі (1) «R» күйін басу арқылы тоқтатыңыз.
Содан кейін тұрып қалған тамақты тазалау үшін қосу/өшіру түймесіндегі сол «R» күйін
бірнеше секунд бойы басыңыз.
Тартуды бастау үшін қосу/өшіру түймесінде (1) «I» күйін басыңыз.
ПАЙДАЛАНУ: ШҰЖЫҚШАЛАР КЕРЕК-ЖАРАҒЫ (10 - 15 СУР.)
Ескертпе: бұл керек-жарақты тек дәмдеуіштері қосылған етті фаршпен ғана пайдалану
қажет.
Қоспа жақсылап араласқан болуы керек.
Қайтадан иілгіш ету үшін шұжықша қабын жылы суға салып жібітіп алыңыз, содан соң
оны саптамаға кигізіп және ұшын шамамен 5 см бос қалдырыңыз (кейін түйіндеп байлау
үшін). Құрылғыны қосыңыз, тартқышты толтырыңыз және тиісті түрде толтырылуы үшін
қапты ұстап тұрыңыз.
Ескертпе: бұл тапсырманы екі адам болып орындау оңайырақ. Бір адам фаршты салып
тұрады, екіншісі қаптың толтырылуын қадағалайды.
Қапты шымшу және бұру арқылы шұжықшаларды қалағаныңызша ұзын етіңіз. Сапалы
шұжықшаларды әзірлеу үшін толтыру кезінде қаптарда ауа жоқ екеніне көз жеткізіңіз
және 10-15 см-лік шұжықшалар жасаңыз (шұжықшаларды түйіндеу арқылы бөліңіз).
ТАЗАЛАУ (16 - 18 СУР.)
* үлгіге байланысты
11