Текст страницы
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Ескерту:
Бұл құлаққап ұштықтары шығыс материалға жатады және дұрыс емес пайланылғанда қызмет
мерзімі қысқаруы мүмкін. Ыңғайлы әрі өнімді түрде пайдалану үшін құлаққап ұштықтарының
арасынан өзіңізге тура келетінін таңдаңыз және келесі қауіпсіздік туралы ақпаратты оқып, оны
орындаңыз:
• Құлаққап ұштықтарын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, өйткені оны балалар
жұтып қоятын болса қауіп төндіруі мүмкін.
• Құлаққап ұштықтарының құлаққаптарға мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
• Форманы есте сақтағыш көбікшесі бар құлаққап ұштықтарының спонжды аймағын тартпаңыз,
себебі бұл әрекетіңізбен оны зақымдап алуыңыз мүмкін.
• Форманы есте сақтағыш көбікшесі бар құлаққап ұштықтары суық жерде қатаюы мүмкін. Олар
қатайып қалса, киер алдында қолыңызбен босатып алыңыз.
• Форманы есте сақтағыш көбікшесі бар құлаққап ұштықтарын жаңбырға немесе ылғалға
тигізбеңіз. Құлаққап ұштықтары терге немесе суға тисе, бетіндегі ылғалды шүберекпен
ақырындап сүртіп, оларды кептіру үшін салқын жерге қойып қойыңыз. Құлаққап ұштықтарын
кептіру үшін фен немесе басқа жылу көздерін пайдаланбаңыз, өйткені бұл әрекетіңізбен
құлаққап ұштықтарын майыстырып алуыңыз мүмкін.
• Құлаққап ұштықтарын барынша таза ұстаңыз.
• Форманы есте сақтағыш көбікшесі бар құлаққап ұштықтарының бетін жұмсақ құрғақ
шүберекпен ақырындап сүртіңіз. Құлаққап ұштықтарын тазалау үшін спирт, су немесе басқа
сұйықтықтар пайдаланбаңыз, себебі бұл әрекетіңіз оларды зақымдап, қызмет мерзімін
азайтуы мүмкін.
• Құлаққап ұштықтарын мыжбаңыз немесе теспеңіз, себебі бұл әрекетіңізбен құлаққап
ұштықтарын майыстырып немесе зақымдап алуыңыз мүмкін. Құлаққап ұштықтары
зақымданған немесе мыжылған болса, зақымданған/мыжылған ұштықтарды киіп жүре
бермей, оның орнына жаңа құлаққап ұштықтарын пайдаланыңыз.
• Құлаққап ұштықтарын пайдаланбаған кезде, оларды бірге жүретін бокстың ішіне салыңыз, ал
боксты салқын, құрғақ және күн сәулесі түспейтін жерге сақтаңыз.
• Құлаққап ұштықтары шығыс материалға жатады. Шуды басу өнімділігі немесе дыбыс сапасы
нашарлап кеткенін немесе құлаққап ұштықтарынан бір түрлі иіс шығып тұрғанын байқасаңыз,
оларды жаңасына ауыстырыңыз.
• Құлаққап ұштықтарын киген кезде ыңғайсыз болып тұрса, құлаққап ұштықтарын алып,
тазалаңыз. Ыңғайсыздық сонда да кетпесе, дәрігерлерден кеңес алыңыз.
Заңды мәлімдеме
Авторлық құқық иесі © Huawei Device Co., Ltd. 2024 Барлық құқықтары қорғалған.
Өнім қаптамасындағы құжат ішіндегі контент пен кескіндер тек анықтама ретінде берілген
және олар нақты өнімнен (оның ішінде түрі, түсі және өлшемдері, бірақ тек лармен
шектелмейді) өзгешеленуі мүмкін.
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. меншігіндегі тіркелген сауда
белгілері және Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы бұл белгіні лицензия бойынша
пайдаланады. Huawei Device Co., Ltd. — Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясының еншілес
компаниясы.
34