Текст страницы
ҚАЗАҚ
Резервуарды MAX белгісінен асырмай, сумен толтырыңыз жəне қақпағын тығыз етіп жабыңыз.
Суға арналған резервуарды құрал корпусына жалғаңыз.
Бумен жібіткішті электр желісіне қосыңыз. Құралды қосу үшін қос./сөн. батырмасын басыңыз. Қыздыру индикаторы жанып, қызыл түспен
жыпылықтайтын болады. 20 секундтан соң, құрал қызып, индикатор жыпылықтауын тоқтатады. Бұл бумен жібіткіштің жұмысқа дайын екендігін
білдіреді.
Кейін буды беру батырмасын басу арқылы бумен жібітудің қажетті режимін таңдаңыз. Бумен жібітудің екі режимінің əрқайсысына индикатордың
өз түсі сəйкес келеді (жасыл түс будың біркелкі берілуіне жəне көгілдір түсті будың бұдан да күшті ағынын беруге арналған).
Назар аударыңыз! Бу алғаш жіберілген кезде су тамшылары болуы мүмкін. Буды беру батырмасын басып, бу ағынын басқа жаққа бірнеше се-
кундқа бағыттау ұсынылады.
Егер де сіз бумен жібітуді тоқтатқыңыз келсе, қос./сөн. батырмасын басыңыз. Ол қызыл түспен жанады.
Ескертпе! Бумен жібіткен уақытта киімде кішігірім дымқыл дақтар туындауы мүмкін. Киім будың əсерінен де дымқыл болуы мүмкін.
Назар аударыңыз! Жұмыс кезінде бумен жібіткішті көлденеңінен қоймаңыз жəне оны айналдырмаңыз. Қарсы жағдайда, бу біркелкі берілмейді.
Бу оңтайлы берілуі үшін бумен жібіткішті əрдайым тік ұстаңыз.
Қолды құрал жұмыс істеп тұрған уақытта бумен жібітілетін матаның астына салмаңыз. Матаны шеттерінен тартып, тегістеп отырыңыз.
Назар аударыңыз! Бумен жібіткішті адамға бағыттамаңыз.
Қондырмаларды пайдалану.
Қондырмалар будың қалың жəне ауыр маталарға сіңуін жақсартады немесе жұмсақ маталарға жоғары температураның əсер етуінің алдын
алады, сонымен қатар, киімнен қылшықтарды жəне басқа ұсақ ластануларды қосымша түрде жойып, қатпарлардың тегістелуін жеңілдетеді.
Өзіңізге қажетті қондырманы бумен жібіткіштің шүмегіне орнатыңыз (киімді тазалауға арналған щетканы немесе жұмсақ матаны тазалауға ар-
налған щетканы). Бу берілген уақытта қондырманы матаның бойымен баяу жүргізіңіз.
Суға арналған бөтелкені пайдалану.
Осы модельде жиынтықта жеткізіп салатын резервуардың орнына, суға арналған қарапайым пластик бөтелкені пайдалану мүмкіндігі көзделген.
Ол үшін пластик бөтелкені сумен толтырып, оны жиынтықта жеткізіп салынатын бейімдегіштің көмегімен жабыңыз.
Бейімдегіші бар пластик бөтелкені оны сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін айналдыра отыра, орнатып, бекітіңіз.
Автоматты сөну функциясы.
Егер де бумен жібіткіш қолданылмаса жəне 20 минут ішінде тік қалпында болса, осы уақыт аяқталған соң, автоматты сөну функциясы іске қосы-
лады. Бұл ретте жұмыс индикаторы жыпылықтайтын болады, қыздыру тоқтайды. Жұмысты жаңарту үшін қос./сөн. батырмасын басу қажет.
Жұмысты аяқтау.
Бумен жібіткішті қосу үшін қос./сөн. батырмасын басыңыз, кейін желілік баусымның айырын розеткадан алып шығыңыз жəне бумен жібіткіш
суығанша, күтіңіз. Құйылыс тесігінің қақпағын ашып, судың қалдығын резервуардан құйып алыңыз.
Назар аударыңыз! Бумен жібіткіштің үздіксіз жұмыс істеу уақыты 15-20 минуттан аспауы тиіс.
ТАСЫМАЛДАУ, ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ САҚТАУ
ТАСЫМАЛДАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне/немесе қаптамасының сақталуын қамтамасыз ететін, жүктерді бекіту жəне бұдан əрі қауіпсіз
пайдалану ережелерін пайдалана отыра, жабық көліктің кез келген түрімен тасымалдау қажет. Құралды тиеу-түсіру жұмыстары кезінде соққылы жүктемел-
ерге ұшыратуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
ТАЗАЛАУ. Бумен жібіткішті тазаламас бұрын немесе қызмет көрсетер алдында айырын розеткадан міндетті түрде алып шығып, кемінде 30 минут суығанша
күту қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал бөліктерін ыдыс жуғыш машинада ешқашан жумаңыз. Химикаттар мен қажақ заттарды пайдаланбаңыз.
Бумен жібіткіштің тазалауын кем дегенде айына бір рет жүргізу ұсынылады. Ол үшін:
- суға арналған резервуарды жартысына дейін толтыру; - құралды тік қалпында ұстап тұру; - қыздыру температурасын реттегішті ең жоғары позицияға
орнатып, құралды желіге қосу; - құрал жұмыс температурасына қол жеткізгенше, күту (жылыту индикаторы сөнуі тиіс) қажет; - құралды желіден сөндіріңіз;
- құралды раковина үстінде көлденеңінен ұстап тұрыңыз жəне сəл алға – артқа қарай қозғалтыңыз; - табанындағы тесіктер арқылы су мен бу шығатын бо-
лады. Онымен кір жəне қақ шығады; - суға арналған резервуар бос болғанға дейін осы əрекеттерді жасаңыз;
САҚТАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне бұдан əрі қауіпсіз қолданылуын сақтауды көздейтін жағдайларда, жабық үй-жайларда сақтау қажет.
Сақтауға жинамас бұрын құрал мен оның барлық аксессуарларының толықтай кептірілгеніне көз жеткізіңіз.
ҚҰРАЛДЫ КƏДЕГЕ ЖАРАТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Құрал мен буып-түю материалдары қоршаған орта үшін ең аз зиянымен жəне өңіріңіздегі қалдықтарды кəдеге жарату жөніндегі қағидаларға
сəйкес кəдеге жаратылуы тиіс.
КЕПІЛДІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
Бұйымды сатып алған уақытта тексерілуін жəне Сіздің қатысуыңызбен кепілдік талонының толтырылуын талап етіңіз (сататын ұйымның мөртабаны, саты-
лған күні жəне сатушының қолы). Кепілдік талонын ұсынбаған жағдайда немесе оны дұрыс толтырмаған уақытта, сапасы жөніндегі шағымдар қабылдан-
байды жəне кепілдік арқылы жөндеу жүргізілмейді. Кепілдік талонын кепілдік мерзімі ішінде сервис орталығына кез келген өтінішті жасаған кезде ұсыну қажет.
Бұйым сервистік қызмет көрсетуге тек толықтай жинақталған түрінде ғана қабылданады. Кепілдік мерзімі сатып алушыға сатқан сəттен бастап есептеледі.
Сізден бұйымның сатып алынған күнін растайтын құжаттарды сақтауыңызды сұраймыз (тауар немесе касса чегі). Бұйымыңызға кепілдік арқылы тегін қыз-
мет көрсету шартына бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сəйкес жеке тұрмыстық қажеттілік шегінен шықпайтын, дұрыс пайдалану,
механикалық зақымдаулардың жəне бұйымды ұқыпсыз пайдалану салдарының жоқтығы жатады. Бұйым кепілдік арқылы қызмет көрсетуге таза түрінде
ұсынылады (мүмкін болатын жерлерінде қажалған жəне үрленген). Кепілдік кепілдік мерзімі ішінде анықталған барлық өндірістік жəне құрылымдық ақауларға
таралады («Кепілдік таратылмайды» бөлімінде көрсетілгендерден басқа). Бұл кезеңде шығыс материалдарынан басқа ақау бөлшектері кепілдікті сервис
орталығында тегін түрде ауыстыруға жатады.
.
КЕПІЛДІК ТАРАТЫЛМАЙДЫ
1.Форс-мажорлық жағдайлар туғызған ақаулар.
2.Бұйымды жеке тұрмыстық жағдайларының шегінен шығатын мақсаттарда бұйымның зақымдануы (яғни, өнеркəсіптік немесе коммерциялық мақсаттарда).
3.Шығыс материалдары мен аксессуарлар.
4. Шамадан тыс жүктелуі, дұрыс пайдаланбау, бұйым ішіне сұйықтықтардың, шаңның, жəндіктердің, бөгде заттардың кіруі туғызған ақаулар.
5.Өкілетті сервис орталықтарынан немесе кепілдікті шеберханалардан тыс жөндеуге ұшыраған бұйымдар.
6.Пайдаланушының бұйым құрылымына өзгерістерді енгізу немесе құрамдас бөліктерін біліксіз ауыстыру салдарынан болған зақымдаулар.
7.Қолдану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзу. 8.Жеткізу желісінің кернеуін дұрыс орнатпау (қажет болса). 9.Техникалық өзгерістер енгізу.
10.Ұқыпсыз пайдалану, бұйымды дұрыс тасымалдамау жəне сақтамау, бұйымның құлау салдарынан болған механикалық зақымдаулар.
11. Жануарлардың кінəсінен болған зақым (соның ішінде, кеміргіштер мен жəндіктер).
Өндіруші: Бестар Индастриал Кампани Лимитед
Жасалған күні туралы ақпаратты жеке қаптамасынан қараңыз
Кепілдік арқылы қызмет көрсету мəселелері бойынша жақын маңдағы сервис орталығына жүгініңіз.