Инструкция плита компактная электрическая ARESA AR-4701

Страница 11 (стр. 11 из 13)

Бренд: ARESA

Страница 11 документа Плита компактная электрическая ARESA AR-4701. Раздел: Настольные электрические плиты. Бренд: ARESA.

Текст страницы

ҚАЗАҚ

• Құралды жылу көздерінің, газ плитасының және жылытқыштың жанында пайдаланбаңыз, сонымен қатар, оны ыстық бетке қоймаңыз.
• Құралды жуынатын бөлмеде және судың жанында пайдаланбаңыз. Құралды тікелей ас үй раковинасының жанында пайдаланбаңыз,
оны ылғалдың әсеріне ұшыратпаңыз.
• Электр баусымның үстел шетінен немесе ыстық бет үстінде жалбырауына жол бермеңіз.
• Егер де Сіз құралды пайдаланбасаңыз, сондай-ақ, тазаламас бұрын желіден сөндіріп тастаңыз.
• Құралды нұсқаулықпен көзделмеген жағдайларда пайдаланбаңыз. Осы Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тек тұрмыстық
мақсаттарда пайдаланыңыз. Құрал өндірістік пайдалануға арналмаған.
• Үй-жайлардан тыс пайдаланбаңыз. Құралды тез тұтанатын заттар сақталатын немесе қолданылатын үй-жайларда пайдалануға тыйым
салынады.
• Құралды тазаламас бұрын немесе Сіз оны пайдаланбасаңыз, әрдайым сөндіріп отырыңыз.
• Балалардың құралмен ойнауына жел бермеу үшін бақылау астында болуы қажет. Назар аударыңыз! Балалардың полиэтилен
пакеттермен немесе буып-түйгіш қабықшамен ойнауына рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі бар!
• Қосылып тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
• Құралды ылғалды қолмен пайдаланбаңыз.
• Жеткізіп салу жиынтығына кірмейтін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
• Қуат көзінің білтесі және/немесе айыры зақымданған құралды пайдалануға болмайды. Қауіпті болдырмау үшін қуат көзінің
зақымданған білтесі авторизацияланған сервис орталығында ауыстырылуы тиіс.
• Құралды өздігінен жөндеуге тырыспаңыз. Ақаулар туындаған жағдайда жақын орналасқан сервис орталығына жүгініңіз.
• Қуат көзінің білтесін тартпаңыз, оны шындап байламаңыз және құрылғы корпусының айналасына орамаңыз. Электр білтесінің және
желілік айырдың бүтіндігін әлсін-әлсін тексеріп отырыңыз.
• Құрал беті пайдалану барысында ыстық болуы мүмкін.
• Құралды толық суымағанша, қозғалтпаңыз.
• Абай болыңыз: құрал жұмыс істеген кезде қолжетімді бетінің температурасы жоғары болуы мүмкін, ыстық бетке қол тигізбеңіз.
Құралдың қыздыратын элементіне жанасуға жол бермеңіз.
• Электроконфоркаға қызатын беттің жазығы электроконфорканың жұмыс бетімен жоғары жанасатын ыдыс орнатылуы тиіс.
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- электр плитканы үй-жайды жылыту үшін пайдалануға;
- өртке жол бермес үшін электр желісіне қосылған электр плиткасын қараусыз қалдыруға;
- қосылып тұрған электр плиткасының жанында тез тұтанатын заттарды ұстауға;
- электр плиткасын үй-жай қабырғасына 100 мм жақын қоюға;
- электроконфоркаға салмағы 10 келіден астам ыдысты қоюға;
- күйіп қалмас үшін электроконфорканың қызуын қолды тигізе отыра тексеруге;
• Өнім жануы мүмкін, сондықтан электр плитканы тұтанатын материалдардың, мысалы перделердің жанында немесе астында
пайдаланбаған жөн.

ПАЙДАЛАНУ

• Алғаш пайдаланбас бұрын электр плитканы ылғалды матамен сүртіп шығу қажет.
• Электр желісіне қоспас бұрын электр плиткасын оның көлденең қалыпта тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, пайдалануға
ыңғайлы жерде орнату қажет. Электр плиткасын желіге қоспас бұрын желі кернеуінің электр плиткадағы таңбалауда көрсетілген
кернеуге сәйкестігін тексеріңіз.
• Алғаш қосқан кезде жаңа қыздыру элементі күйіп, ерекше иіс пен түтіннің аздаған мөлшері шығуы мүмкін. Бұл ақау белгісі болып
табылмайды.
ДАЙЫНДАЛУЫ. Білтенің айырын электр желісінің розеткасына қойып, температура реттегіштің тұтқасын сағат тілінің бойымен
бұраңыз. Желілік индикатордың қосылуы электр жылытқыштың ең төмен қуатқа қосылғандығы туралы белгі береді. Айналдыруды
жалғастыру арқылы температураның таңдалған немесе ең жоғары мәнге дейін сатысыз ұлғаюы іске асады. Электр плиткасын сөндіру
температура реттегіштің тұтқасын бастапқы күйге қайтару, яғни, температура реттегіштің тұтқасын қайта бағытта айналдыру арқылы
жүреді. Кейін білтенің айырын электр желісінен сөндіру қажет. Жарық индикаторы мен электр жылытқыштың берілген жұмыс тәртібіне
сәйкес автоматты түрде қосып-сөнетіндігін ескеру қажет. Электр энергиясын үнемдеу мақсатында дайындалатын тағам қажетті
температураға қол жеткізген кезде температура реттегішті қыздырудың төмен температурасына ауыстыру қажет.
ЕСКЕРТПЕ. Дайындау кезінде қуат көзінің индикаторы электр плиткасының температурасын реттейтін термостат жұмысына
байланысты қосып-сөнетін болады.
Дайындауды аяқтаған соң, желілік баусымның айырын розеткадан алып шығып, құралды ашық қалдырып, суығанын күтіңіз.

ТАСЫМАЛДАУ, ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ САҚТАУ

ТАСЫМАЛДАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне/немесе қаптамасының сақталуын қамтамасыз ететін, жүктерді бекіту жəне бұдан əрі
қауіпсіз пайдалану ережелерін пайдалана отыра, жабық көліктің кез келген түрімен тасымалдау қажет. Құралды тиеу-түсіру жұмыстары кезінде
соққылы жүктемелерге ұшыратуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
ТАЗАЛАУ. Пайдаланған соң және тазаламас бұрын қуат көзінің айырын розеткадан алып шығып, электр плиткасы суығанша, күтіңіз.
Электр плиткасының корпусын салқындаған күйде сабынмен немесе пастамен жылы сумен тазалау қажет. Зімпара төсемін және
қажақты материалдарды қолдануға жол берілмейді.
САҚТАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне бұдан əрі қауіпсіз қолданылуын сақтауды көздейтін жағдайларда, жабық үй-жайларда сақтау
қажет. Сақтауға жинамас бұрын құрал мен оның барлық аксессуарларының толықтай кептірілгеніне көз жеткізіңіз.

ҚҰРАЛДЫ КƏДЕГЕ ЖАРАТУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Құрал мен буып-түю материалдары қоршаған орта үшін ең аз зиянымен жəне өңіріңіздегі қалдықтарды кəдеге жарату жөніндегі қағидаларға
сəйкес кəдеге жаратылуы тиіс.

КЕПІЛДІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
Бұйымды сатып алған уақытта тексерілуін жəне Сіздің қатысуыңызбен кепілдік талонының толтырылуын талап етіңіз (сататын ұйымның
мөртабаны, сатылған күні жəне сатушының қолы). Кепілдік талонын ұсынбаған жағдайда немесе оны дұрыс толтырмаған уақытта, сапасы
жөніндегі шағымдар қабылданбайды жəне кепілдік арқылы жөндеу жүргізілмейді. Кепілдік талонын кепілдік мерзімі ішінде сервис орталығына
кез келген өтінішті жасаған кезде ұсыну қажет. Бұйым сервистік қызмет көрсетуге тек толықтай жинақталған түрінде ғана қабылданады. Кепілдік

Оглавление

Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Настольные электрические плиты

Aceline CS-010g

8 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Настольные электрические плиты

Aceline CS-020b

12 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Настольные электрические плиты

Aceline CS-020b-H

8 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Настольные электрические плиты

Aceline HCI-500b

4 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Настольные электрические плиты

Aceline HCI-500b

4 стр.