Текст страницы
1
Қауіпсіздік техникасы ережелері 1
Сіздің ыдыс жуғыш машинаңыз қауіпсіз ыдыс жуу үшін әзірленген. Ыдыс жуатын машинаны
пайдалану барысында келесі нұсқауларды сақтау керек.
ЕСКЕРТПЕ!
Электр тоғымен жарақаттану қаупі
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ыдыс жуатын машинаны орнату алдында сақтандырғышты суырыңыз немесе үйдің электр
желісіндегі автоматты сөндіргішті тұйықтаудан босатыңыз. Машина міндетті түрде жерге
тұйықталуы керек. Ақаулық немесе істен шыққан жағдайда жерге тұйықтау электр тоғымен
жарақаттану қаупін азайтады, электр тоғы үшін ең төмен кедергі жолын қамтамасыз етеді.
Ыдыс жуатын машина жерге тұйықталған контактісі бар шнур және ашамен жабдықталған.
Ашаны жергілікті нормативтер және ережелерге сәйкес орнатылған және жалғанған, жерге
тұйықталған розеткаға жалғау керек.
ЕСКЕРТУ! - Жерге тұйықтайтын сымды дұрыс қоспау электр тоғымен жарақаттнуға алып
келуі мүмкін. Егер құралдың дұрыс жерге тұйықталғанына күмәнданатын болсаңыз, кәсіби
электрик немесе сервистік орталықтың өкіліне жүгініңіз.
Ыдыс жуатын машинамен бірге жеткізілетін қуат ашасын алмастырмаңыз. Егер ол розеткаға
сәйкес келмесе, жарайтын розетканы орнату үшін білікті электрикке жүгініңіз. Ұзартқыш,
өткізгіш немесе бірнеше розеткалары бар блокты пайдалануға болмайды.
Бұл кеңесті сақтамау электр тогы соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ!
Кесіп алу қаупі
Абай болыңыз, панельдің шеттері өткір.
Ескертуді елемеу жарақаттануға не кесіп алуға әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ!
Ыдыс жуатын машинаны пайдалану барысында негізгі
қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, оның ішінде:
•
Ыдыс жуатын машинаны пайдалану алдында барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.
•
Жану немесе жарылыс қаупін, материалдық шығын, жарақаттану немесе адам шығынын
барынша азайту үшін, аталған нұсқаулықта мазмұндалған нұсқауларды сақтау керек.
•
Ыдыс жуатын машинаны аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай
тағайындалуы бойынша пайдаланыңыз.
•
Бұл құрылғы үй жағдайында немесе онымен ұқсас жағдайда қолдануға арналған:
‐
қала сыртындағы тұрғын үйлер;
‐
қонақ үй, мотель және басқа тұрғылықты үй-жайлардың тұрғындары;
‐
«жатын жай және таңғы ас» типіндегі қонақ үйлер.
KZ
1