Инструкция посудомоечная машина Candy CF 0A9E0W-08

Страница 47 (стр. 47 из 88)

Бренд: Candy

Страница 47 документа Посудомоечная машина Candy CF 0A9E0W-08. Раздел: Посудомоечные машины. Бренд: Candy.

Текст страницы

1

1

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Тек тұрмыстық ыдыс жуатын машинамен пайдалану үшін ұсынылған жуғыш құралдар
және шайғыштарды қолданыңыз және оларды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.

Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін әр жолы жуғыш құралдың мөлшерлеуішін
тексеріп отырыңыз, ол бос болуы керек.

Жуу үшін ыдысты жүктегенде, өткір заттарды олар ыдыс жуатын машинаны
бүлдірмейтіндей, ал өткір пышақтарды қолды кесіп алмау үшін тұтқасын жоғары қаратып
орналастырыңыз.

Пайдалану кезінде (ыдыс жуатын машинаның негізіндегі металл диск) және
пайдаланудан кейін бірден сүзгіш пластинаны ұстамаңыз, ол ыстық болуы мүмкін.

Басқару элементтеріне өз бетінше өзгеріс енгізуге болмайды.

Ыдыс жуатын машинаның есігі немесе себетіне отырмаңыз және тұрмаңыз.

Реттелетін сөреге, әсіресе дененің бар салмағымен сүйенуге болмайды.

Жарақаттың алдын алу үшін, балаларға ыдыс жуатын машинамен немесе оның үстінде
ойнауға рұқсат бермеңіз.

Белгілі бір жағдайларда екі немесе одан да көп апта бойы пайдаланылмаған су
жылытқыш жүйесінде газ тәрізді сутегі пайда болуы мүмкін. Газ тәрізді сутегі жарылғыш.

Сол себепті, бұл жағдайда ыдыс жуатын машинаны пайдалану алдында барлық ыстық
су шүмектерін ашыңыз және бірнеше минут бойы ішіндегі суды ағызып жіберіңіз. Бұл
жинақталған газ тәрізді сутегіні босатып шығарады. Газ жылдам тұтанатын болғандықтан,
оңай тұтанады және бұл уақытта темекі шегуге және ашық от жағуға болмайды. Ескі ыдыс
жуатын машинаны кәдеге жарату алдында оның есігін шешіп алу керек.

Кейбір ыдыс жуатын машиналарға арналған құралдар күшті сілті болып табылады. Олар
жұтып қойған жағдайда, төтенше қауіпті болуы ықтимал. Теріге және көзге түсуіне жол
бермеңіз және балаларды есігі ашық тұрған ыдыс жуатын машинаға жақындатпаңыз.
Жуу циклы аяқталғаннан кейін жуғыш құралға арналған ыдыстың бос екеніне көз жеткізу
керек.

Сертификатталған тұрмыстық ыдыс жуатын машиналар қоғамдық тамақтану
кәсіпорындарында пайдалану үшін арналмаған.

Техникалық қызмет көрсету барысындағы
қауіпсіздік нұсқаулары.


Тазалау және техникалық қызмет көрсету алдында ыдыс жуатын машинаны желіден
ажырату керек.

Құрылғыны ажыратқан кезде, оларға зақым келтірмеу үшін қуат сымынан немесе
сымның қосылатын жерінен емес, ашадан ұстап тарту керек.

Ыдыс жуатын машинаны өз бетіңізше жөндеуге немесе бөлшектерін алмастыруға
болмайды және нұсқаулықта көрсетілмеген жағдайда қандай да бір техникалық қызмет
көрсетуге болмайды.

Ыдыс жуатын машинаның айналасындағы еден тайып кетпеу үшін таза және құрғақ
болуы керек.

Мамық, қағаз, шүберек және химикаттар секілді жанғыш материалдардың ыдыс жуатын
машинаның астына, айналасына жинақталуына жол бермеу керек.

KZ

2

Бытовая техника / Техника для кухни / Посудомоечные машины

DEXP DWF45A3

44 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Посудомоечные машины

DEXP DWF45A3

44 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Посудомоечные машины

DEXP DWMF2B-G

44 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Посудомоечные машины

DEXP DWMF2B-G

44 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Посудомоечные машины

DEXP FD60-L01

48 стр.