Текст страницы
1
2 Орнату жөніндегі нұсқаулық 2
ЖИЫНТЫҚТАМАСЫ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Су төгетін құбыршекті
ұстағыш (1)
Пайдаланушы нұсқаулығы
(1)
Енгізу
құбыршегі (1)
Тұзға
арналған
құйғыш (1)
ОРНАТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Шайғышты пайдалану
жөніндегі нұсқаулық (1)
Энергия тиімділігі заттаңбасы
(1)
ОРНАТУ АЛДЫНДА
Қаптамасын ашу және орын ауыстыру
•
Қаптамасының және ыдыс жуатын машинаның тасымалдау кезіндегі ақаулары болмауын
тексеріңіз. Ыдыс жуатын машина қандай да бір түрде зақымданған болса, оны орнатуға
болмайды. Ыдыс жуатын машинаны сатып алған дилерге хабарласыңыз.
•
Қаптаманы кәдеге жарату: қаптаманың бір бөлігі екіншілік қайта өңдеу үшін жарамды.
Символдар мен таңбалануын тексеріңіз және қайта өңдеуге жіберіңіз.
•
Еш уақытта ыдыс жуатын машинаны есігінің техникалық тұтқасын немесе жоғарғы
панелінен ұстап көтеруге болмайды. Бұл оны зақымдауы мүмкін.
•
Ыдыс жуатын машинаның артқы панеліндегі құбыршектер мен қуат сымын пайдаланған
кезде сақ болыңыз. Ақырын пайдалану қысылу, ширатылу немесе кесілу нәтижесінде
бүлінуді және ақаулықты болдырмайды.
•
Ыдыс жуатын машинаны орнату кезінде ағызу құбыршегінің жаншылмағанына және
бұралмағанына көз жеткізіңіз.
Коммуналдық желілерге жалғау
•
Қуат беру шнуры жеткілікті ұзын және розеткаға дейін жететініне көз жеткізіңіз. Болмаса,
оны haier компаниясы авторландырған маман ауыстыруы керек. Ыдыс жуатын машинаны
қуат көзіне қосу үшін ұзартқыш немесе бірнеше рәзеткесі бар қорап пайдаланбаған жөн.
•
Құбыршектердің ұзындығы жеткілікті екеніне және жалғау нүктелеріне жететініне көз
жеткізіңіз. Құбыршекті ұзарту қажет болса, жаңа құбыршектің сапасы мен диаметрі
теңдес екеніне көз жеткізіңіз.
•
Ыдыс жуатын машинаны температурасы 25°C артық сумен қамту жүйесіне жалғауға
болмайды.
•
Ыдыс жуатын машинаны қысымы жоғары ыстық сумен қамту жүйесіне жалғауға
болмайды, себебі, бұл жүйенің зақымдалуына алып келуі ықтимал.
KZ
4