Текст страницы
Қолдау қызметі
Клиенттерге қызмет көрсету
Клиенттерге қолдау көрсету қызметі
Біз Haier компаниясының клиенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуді, сондай-ақ түпнұсқа
қосалқы бөлшектерді пайдалануды ұсынамыз. Егер сіздің тұрмыстық техникаңызда мәселелер
туындаса, алдымен «Ақаулықтарды жою» бөлімін оқып шығыңыз. Егер сіз мәселенің шешімін
таппаған болсаңыз, төмендегілерге жүгініңіз:
–
өз ресми дилеріңізге немесе
–
біздің колл-орталыққа:
8-800-070-01-29 (РК),
–
https://haieronline.kz сайтына, онда сіз қызмет көрсетуге өтініш қалдыра аласыз, сонымен
қатар жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
Біздің сервистік орталығымызға хабарласқанда, төлқұжат тақтайшасынан және чектен
таба алатын келесі ақпаратты дайындауыңызды сұраймыз:
Үлгісі
Сериялық нөмірі
Сатылған күні
Сондай-ақ, кепілдік пен сату құжаттарының болуын тексеріңіз
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауы Өндіруші үшін аспапты сәйкестендіруді және
нәтижесінде кепілдікті қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді.
Аспаптан зауыттық сәйкестендіру тақтайшаларын алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық
тақтайшалардың болмауы кепілдік міндеттемелерді орындаудан бас тартуға себеп болуы
мүмкін.
Осы құжатқа алдын ала ескертусіз өзгерістердің енгізілуі мүмкін. Өндіруші қосымша ескертусіз
өнімді жобалау мен жабдықтауға өзгерістер енгізуге құқылы.
Өнімді қаптамасында көрсетілген манипуляциялық белгілерге сәйкес зауыт қаптамасында
тасымалдау және сақтау қажет.
Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақ болыңыз.
Көлік пен қойма өнімнің атмосфералық жауын-шашыннан және механикалық зақымдалудан
қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс.
– 12 –