Текст страницы
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету ақаулары келесі салдарынан туындаған бұй-
ымдарға таратылмайды:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау жəне/немесе тасымалдау шарттары мен ереже-
лерін бұзу;
— бұйымды дұрыс орнатпау жəне/немесе іске қосу;
— тоңазыту контурымен жəне электрлік қосылыстармен жұмыс технологияларын бұзу, сон-
дай-ақ Бұйымды монтаждау үшін құжаттармен расталған, тиісті біліктілігі болмаған тұлға-
ларды тарту;
— пайдалану құжаттамасында талап етілгендей, Тауарға уақтылы қызмет көрсетілмесе;
— суқұбыр желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысым;
— бұйымның осы түріне сəйкес келмейтін жуғыш құралдарды қолдану, сондай-ақ жуғыш құрал-
дардың мөлшерлемесін асып кету;
— бұйымды тағайындалмаған мақсаттарында пайдалану;
— үшінші тұлғалардың əрекеттері: уəкіл етілмеген тұлғалармен жөндеу немесе өндірушімен
санкцияланбаған құрылмалық немесе сұлбалық техникалық өзгерістерді енгізу;
— Стандарттардан жəне желілерді қуаттаушы нормалардан ауытқу;
— еңсерілмейтін күштердің əрекеттері (апат, өрт, найзағай жəне т.б.);
— жазатайым оқиғалар, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз
əрекеттері;
— егер бұйым ішіне бөгде заттар, сұйықтықтар, жəндіктер, жəндіктердің тіршілік ету өнімдері
түскеннен ақаулар анықталған болса;
— су жылытқыштың сумен толтырылмаған / толық толтырылмаған бəгін қосу салдарынан тер-
моқорғаныстың іске қосылуы.
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету келесі жұмыс түрлеріне таратылмайды:
— бұйымды пайдалану жерінде орнату жəне іске қосу;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқалама жəне кеңес беру;
— бұйымды сырттан немесе ішінен тазарту.
Төменде аталған шығыс материалдар мен аксессуарлар кепілдікті жəне қосымша қызмет
көрсетуге жатпайды:
— желдеткіштерге арналған сүзгілер;
— кір жуғыш / ыдыс жуғыш машиналар үшін суды жеткізуге / ағызуға арналған сүзгілер, құбы-
ршектер;
— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, түтіктер, қылшақтар, қондырмалар, шаңжи-
нағыштар;
— қысқа толқынды пештерге арналған тəрелкелер, істіктер, ыдыстар мен тіреуіштер;
— сүзгілер, иісті сіңіргіштер, лəмпішкелер, сөрелер, жəшіктер, тіреуіштер жəне тағамдарды
тоңазытқышта сақтауға арналған өзге сыйымдықтар;
— басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуаттандыру элементтері, сыртқы қуаттан-
дыру блоктары жəне зарядтау құрылғылары;
— бұйымға қоса берілетін құжаттама.
Бұйымға мерзімді қызмет көрсету (сүзгілерді ауыстыр жəне т.б.) тұтынушының қалауы бойынша
қосымша төлеу арқылы жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауы Өндірушіге аспапты сəйкестендіру мүмкіндігін
бермейді жəне осы салдарынан оған қызмет көрсету мүмкіндігі болмайды. Аспапта зауыттық
сəйкестендіруші маңдайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық маңдайшаларының
зақымдалуы немесе болмауы кепілдікті міндеттемелерден бас тартудың себебі болуы мүмкін.
* қосымша сервистік қызмет көрсету электрлік су жылытқыштарға, қысқа толқынды пештерге,
HRB-331 модельді тоңазытқыштарға, мұздатқыштарға, газ плиталарына, шаңсорғыштарға, ро-
бот-шаңсорғыштарға, теледидарларға, теледидарлық приставкаларға, планшеттік компьютер-
лерге, ноубуктерге, ұялы телефондарға, гироскутерлерге таралмайды.
– 16 –